Зауыты Благотат-Стефанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Зауыты Благотат-Стефанов (Қуқорғасын - күміс - мыс зауыты), революцияға дейінгі Қазақстандағы түсті металлургияның тұңғыш кәсіпорны. Тұрған жері — Түндік өненінің оң жағалауы, Қу тауының етегі, Нүрбике- Шаншар болысының аралығы, Қарқаралы және Баянауыл округтерінің (19 ғ. I -ші жартысындағы әкімш. бөлінісі бойынша) шекарасы. Зауыт жұрты Егіндібұлақ ауылынан 24 км жерде жатыр. Оны Томск губерниясынан шыққан кәсіпкер- саудагер С. И. Попов 1844 ж. тұрғызған. Мұнда қорғасын, қара мыс, алтын және күміс балқытылған. 300 жұмысшысы болды. Жұмыс істеген 17 жыл ішінде Б.-С. з-тында 1294,8 т корғасын, 45 т қара мыс, 23,2 т шақпақ мыс, алтын араласқан 575 кг күміс шығарылды. Руда өте қарапайым әдіспен балқытылды. Бұл жүмысты Алтайдағы металлургия з-тынан айдалып әкелінген, «қазына жұмысшылары» деп аталған басыбайлы шаруалар және жалдамалы қазақ жұмысшылары ажарды. қазақтар ауыр еңбекке шыдай алмай, тек жазда ғана жұмыс істеді және оларға жалақы өте аз төлеңді. Жабдықтын тозуына және руданы, отын мен флюсты жеткізудін қиын болуына байланысты 1861 жылы тоқтатыдды. Оның қалдығын 1865 жылы күшті ерт шалды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}