Жөниба Қарасаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жөниба Қарасаева- 1947 жылы 10 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай селосында туған. Атырау университетінің тарих факультетін тамамдаған.

Әр жылдарда қарапайым жұмысшыдан бастап, есепші, мұғалім, «Бақсай» кеңшарында кадр бөлімінің меңгерушісі, аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. 1977 жылдан ауылдық, аудандық, республикалық айтыстарға қатысқан.

«Сұтақы» (1999), «Жүректің пернелері» (2001), «Ана сағынышы» (2003), «Махаббат киесі» (2004), «Өмір тіні» (2008) кітаптарының авторы. Махамбет ауданының Құрметті азаматы. «Халық талаптары» республикалық телевизиялық фестивальдің лауреаты. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}