Жәдік сұлтан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жәдік сұлтан , Джадк, Адик, Иадик (туған өлген жылы белгісіз) — қазақ сұлтаны. Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы. Мұхамед Хайдар Дулати Жәдік сұлтанды ықпалды сұлтандардың бірі болған деп көрсетеді. Жәдік сұлтанның бауыры Қасым хан түрлі саяси, дипломатиялық жолдармен Қазақ хандығын нығайтып, территориясын кеңейтуде оның қолдауына сүйенгені байқалады. Тарихи деректерде Жәдік сұлтанның өмірі туралы мәліметтер аз кездеседі. Ол Моғолстан ханы Жүністің төртінші қызы Нигар ханымға үйленген. Жәдік сұлтанның Тоғым және Шығым деген екі ұлы Қазақ хандығының хандары болған. Мұхаммед Шайбани хан 1503 жылы Ташкент қаласын басып алған кезде Жәдік сұлтан қазақ даласына қашып кетеді. Жәдік сұлтан Шығым мырза бастап барған, ноғайлармен болған шайқаста Жыландытөбе деген жерде қаза табады. Бұл 1518 жылға дейін болуы керек, өйткені Шығым мырза 1518 жылы өледі. Қадырғали Жалайырдың мәліметіне қарағанда, Жәдік сұлтанның бейіті Үргеніштегі Бақырған Ата деген жерде.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жәдік сұлтан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}