Жұрт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ЖҰРТхалық; ертедегі мағынасы – патшалық, мемлекет, ел. 6 – 7 ғасырларда бұрынғы тайпалық бірлестіктер ыдырап, жаңа бірлестіктер туып жатты. Тайпалар араласып, бұрын туыстас емес тайпалардың, рулардың адамдары жаңа жағдайда бірлесіп, топтаса бастады. Малшылық пен егіншілік ыңғайына қарай ол бірлестіктер бірыңғай межелі қоныстарға, мекендерге орналасты; отырықшылық пен тұрақты қоныстар пайда болды. Осындай аралас әрі бірыңғай орналасқан ел бір жұрт деп аталды. Жұрт сөзі кейін мемлекет, ел, соңынан халық деген мағынаға ие болды.

ЖҰРТ – 1) адамдардың бірнеше жыл немесе бірнеше ғасыр бойы тұрып, кейін тастап кеткен жері; 2) мал баққан кісінің өзі ғана отыратын, иемденіп пайдаланатын қонысы; 3) көктеу, жайлау, күзеу жайылымдарындағы мал жаятын жер, мал бағушының үйі тігілетін орын. Үй маңы, мал иірілген қора қиланып, шөбі тозған соң, үйді басқа жерге ауыстырып тігеді. Үйдің ескі орны жұрт деп аталады. Бірақ жұрт ауыстырушы өзіне тән жайылымның аумағынан аспайды. Жұртта тұтыну заттарының сынықтары, мал сүйектері, жоғалған бұйымдар, бұзылған үй-жайдың орны, күл төбе, т. б. заттар қалады. Бұл заттардан тарихи-мәдени қабаттар қалыптасады. Археологтар мәдени заттарды зерттей отырып, ежелгі тайпалардың әдет-ғұрпы, экономикалық және саяси өмірі жайлы көптеген тарихи мағлұматтар алады.

Cілтеме

Дереккөздер

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref> <references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұрт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}