Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жұмыс стажы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Жұмыс стажы, еңбек стажы – қызметкердің еңбек еткен және басқа қоғамдық пайдалы қызмет атқарған уақытының жиынтығы. Қазақстанда ол жалпы Жұмыс стажы, үздіксіз Жұмыс стажы және арнаулы Жұмыс стажы болып бөлінеді. Жалпы Жұмыс стажына жұмыстың сипаты мен нақты мазмұнына, үзілістеріне қарамастан қызметкер еңбек еткен уақыттың жиынтық ұзақтығы жатады. Оған қызметкер мемлекеттік сақтандыруға жатқызылған кез келген жұмыс уақыты, әскерде қызмет өткерген, партизан отрядтарында болған уақыт, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарындағы, әскерилендірілген күзеттегі қызмет, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде, кадрларды қайта даярлау, біліктілікті жетілдіру, қайта біліктілік алу курстарында, аспирантурада (магистратурада), ординатурада, доктарантурада күндіз оқыған уақыт, жұмыстан мәжбүрлі түрде қалған, ауырған, түрмеде және айдауда болған (кейін ақталған жағдайда) уақыт, т.б. кіреді. Жалпы Жұмыс стажы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады. Үздіксіз Жұмыс стажы – адамның бір кәсіпорында үздіксіз жұмыс істеген уақытының ұзақтығы. Заңда көзделген реттерде оған басқа кәсіпорындардағы бұрынғы жұмысы немесе өзгедей қызметі де қосылады (мысалы, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауыстырылғанда немесе көшірілгенде, үзіліс белгілі бір кезеңнен аспаған жағдайда). Үздіксіз Жұмыс стажы еңбекке уақытша жарамсыздыққа ұшыраған адамға жәрдемақы төлеу кезінде, басқа да жағдайларда есепке алынады. Арнаулы Жұмыс стажы жұмыстың, адам еңбек еткен халық шаруашылық саласының, еңбек жағдайының (жер астындағы, зиянды жұмыстар мен басқа да жағдайлар) ерекшелігі бойынша айқындалады. Арнаулы Жұмыс стажы адамға жеңілдікті зейнетақы тағайындау кезінде, еңбек сіңірген жылдары үшін сыйақы белгілеу кезінде есепке алынады.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұмыс стажы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}