Жұмабай Есбатыров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:22, 2017 ж. наурыздың 16 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Жұмабай Есбатыров (1.1. 1907, қазіргі Сырдария ауданы1993) – жазушы, аудармашы.

Шымкент педагогика техникумын (1930), «Правда» атындағы Бүкілодақтық КИЖ-ді бітірген (1937). Сондай-ақ, Шығыс халықтары институты жанындағы марксизм-ленинизм классиктері шығармаларының редактор-аудармашыларын даярлайтын жоғары курсында оқыған.

Әр жылдары аудан, облыс, республика газет-журналдарда арнаулы тілші, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, редактор, кейін республика баспаларында басшылық қызметтерде болған.

Ол М.Горькийдің, С.Михалковтың, О.Бальзактың, Б.Кербабаев, Л.Кассильдің, Батыс Еуропа классиктерінің туындыларын қазақ тіліне тәржімелеген. 100-ден астам фельетон, очерк, әңгімелері бар.

«Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», т.б. медальдармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Аудармалары

  • М. Горький. Васса Желенова. Пьеса. А., ҚМКӘБ, 1948;
  • К.Гальдони. Екі мырзаға бір қызметкер. Пьеса. А, ҚМКӘБ, 1948;
  • Н.Вирта. Құтыл мастардың заговоры. Пьеса. А, ҚМ КӨБ, 1950;
  • А.., Коран. Партия кандидаты. Пьеса. А, ОПБ,1951;
  • С.Михалков. Қызыл галстук. Пьеса. А, ОПБ, 1952;
  • Л.Кассиль, М.Поляновский. Кенже ұлдың көшесі. Повесть. А, ҚМ КӨБ, 1955;
  • А.Файзи. Тоқай. Роман. А., ҚМКӘБ, 1962;
  • Б.Керабаев. Шешуші адым. Роман. А, «Жазушы», 1968.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}