Жүн мата

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:35, 2014 ж. мамырдың 13 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Қысқаша мәлімет

Жүн Мата – бірыңғай жүннен немесе басқа талшықтар қосылып аралас тоқылған маталар. Жүн Маталар таза Жүн Мата (6 – 10% ғана өзге талшық қосылған) және жартылай Жүн Мата болып бөлінеді. Жартылай Жүн Матаға жасанды және синтетикалық талшықтар көбірек қосылған. Бұл оның сапасын арттырады (тез тозбайды, мыжылмайды, т.б.). Мата жібінің иірілу әдісіне және түріне қарай Жүн Мата мәуіті, шұға және аралас мата болып жіктеледі. Жүн Матаны өндіру процесі күрделі де алуан түрлі. Жүн Матаны өндірудің өзіне ғана тән амалы – шұға басқыш машинада жүргізілетін процесс. Мұнда сабынды және тұзды т.б. жылы ерітіндіге малынған мата механикалық өңдеуден өтеді, арнаулы дәрі-дәрмек сіңіріліп су өтпейтін, умаждал майтын, күйе жемейтіндей сапаға келтіріледі. Қазақстанда жүн иіріп, одан мата, киім (шекпен, т.б.) тоқу кәсібі ежелгі дәуірден дамыған. Ал өндірістік жолмен тоқылған алғашқы Жүн Мата 1910 жылы құрылған Қарғалы шұға фабрикасында шығарылды. Онда 1913 жылы 110 мың метр шұға мата өндірілген. Одан кейінгі жылдары Семей шұға комбинаты, Қостанай костюмдік мата комбинаты, Семей мәуіті-иіру фабрикасы, т.б. ірі өндіріс орындары салынды. Қазақстанда 1975 жылы 40 миллион метр Жүн Мата тоқылды. 1991 жылы Жүн Мата өндіру 31098 мың шаршы метрге жетсе, 2000 жылы Жүн Мата өндіру 259 мың шаршы метр болды.

<ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүн мата|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}