Жүйкелер
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жүйкелер (Үлгі:Lang-la) — адам мен жануарлар организмдерінде жұлын мен ми және вегетативтік жүйке ганглиондарымен (түйіндерімен) байланысып, белгілі бір мүшелердің қызметтерін реттеуге маманданған жүйке талшықтарынан құралған мүшелер. Организмде жүйкелер: жұлын жүйкелері, ми жүйкелері және вегетативтік (симпатикалық және парасимпатикалық) жүйкелер болып үш топқа бөлінеді.
Құрылысы жағынан жүйкелер — паренхималы мүшелерге жатады. Олардың паренхимасын — жүйке талшықтары, ал стромасын —жүйке талшықтарын байланыстырып тұратын борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар құрайды. Строма арқылы жүйкені қоректендіретін қан және лимфа тамырлары өтеді. Жүйке талшықтарын бір-бірімен байланыстырып, талшықтар шоғырларын түзетін жіңішке дәнекер ұлпалық аралықтарды — эндоневрий. Талшықтар шоғырларын сыртынан қаптап, оларды бір-бірімен біріктіріп, жүйкені құрайтын ені жалпақтау келген дәнекер ұлпалық аралықтарды — периневрий, ал жүйкені сыртынан қаптап тұратын дәнекер ұлпалық қабықты — эпиневрий деп атайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүйкелер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}