Жігер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:16, 2014 ж. мамырдың 1 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Қысқаша мәлімет

Жігер – Алматыда 1978 – 88 жылы аралығында, жыл сайын көктем айында (17 – 30 сәуір) жас өнерпаздар байқауы ретінде өткізіліп тұрған дәстүрлі шығармашылық жастар фестивалі. Фестивальдің негізгі мақсаты жас таланттарды тауып баулу, көпшілікке таныстыру болды. Әдетте, екі аптаға созылатын “Ж.” фестивалі күндері театрлар мен кинотеатрлар, концерт және көрме залдары жастарға берілді. Жастар күшімен қойылған спектакльдер мен фильмдер, музыка мен бейнелеу өнерінің жас шеберлерінің еңбектері көрермендер назарына ұсынылды. Алғашқы фестиваль 1978 ж. “Алматы шығармашылық жастарының фестивалі” деген атпен ашылды. Бұған бұрынғы астанадағы өнер ордаларының ең таңдаулы жас өкілдері – актерлер мен режиссерлер, әншілер мен композиторлар, сәулетшілер мен суретшілер, ақындар мен жазушылар, сондай-ақ облысы филармониялардың жас орындаушылары да қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұдан кейін Алматыда “Ж.” фестивалі 1979 – 88 ж. аралығында өткізілді. Оны Қазақстан ЛКЖО ОК жанындағы Жастар шығарм. кеңесі ұйымдастырды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}