Жібек құртын өсіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:49, 2014 ж. қазанның 2 кезіндегі AlibekKS (Талқылауы) істеген түзету

Қысқаша мәлімет

ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨСІРУ – ауыл шаруашылығының табиғи жібек талшығын өндіруге мамандандырылған саласы. Қазақстанда тұт жібек көбелегі, ал басқа елдерде емен жібек көбелегі, т.б. өсіріледі. Ж. қ. ө-дегі өндірістік процестер: жібек көбелегінің жұлдызқұрты қоректенетін тұт ағашын өсіру, жібек көбелегінің жұмыртқаларын өндіру, инкубациялау, жұлдызқұрттарды қоректендіру, пілләні өңдеу. Инкубацияны 150 – 200 қорапқа есептелген (1 қорапта 29 г жұмыртқа болады, одан 58 – 60 кг піллә алынады) инкубаторда жүргізеді. Жұлдызқұрттарды арнайы жайда кесілген жапырақтармен және өркендермен қоректендіреді. Қоректендіру 35 тәулікке (кейбір шаруашылықтарда 22 – 25 тәулікке) созылады. 1 кг піллә алу үшін 17 – 18 кг жапырақ жұмсалады. Піллә түзер алдында жібек көбелегін қоректендіруді тоқтатады. Ж. қ. ө-мен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысытарындағы шаруашылықтар айналысады. <ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жібек құртын өсіру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}