Жылым Тор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қысқаша мәлімет

ЖЫЛЫМ ТОР – балықты сүзіп аулауға арналып, жуан жіптерден тоқылатын ау. Оның өлшемі балық ауланатын судың тереңдігіне сәйкес тоқылады. Мыс., ұзындығы 900 м, 800 м, 500 м, ал ені әр түрлі болады. Ж. т.: шонтай (тор көзі 32 – 36 мм, ұзындығы 20 – 25 м), жетек (тор көзі 40 – 45 мм, ұзындығы150 – 200 м, ені 8 – 9 м), қосымша жетек (тор көзі 45 – 50 мм, ұзындығы 200 – 250 м, ені 6 – 7 м), қанат (тор көзі 50 – 60 мм, ұзындығы 200 – 250 м, ені 4 – 5 м) деп аталатын бөліктерден тұрады. Осы бөліктердің жиегіне жуандығы 45 мм, ұзындығы 500 м арқан байланады. Ж. т-ды жағалаудан бастап балық мол болуы мүмкін су айдынының белгілі бір бөлігін қоршай төгеді. Содан соң қоршауда қалған балықты сүзіп жағалауға жақындату үшін Ж. т-дың шеттеріне байланған арқандарды жағалаудағы шығырға орап, шығырды аттардың немесе түйелердің күшімен қозғалысқа келтіреді. Ж. т-мен 1 ц-ден 1000 ц-ге, кейде одан көп балық ұстауға болады. <ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жылым Тор|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}