Жылулық құбыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:08, 2012 ж. қаңтардың 14 кезіндегі Bolatbek (Талқылауы) істеген түзету

Жылулық құбыр — үлкен жылу қуаттарын температураның аз өзгерістері жағдайында бере алатын құрылғы. Жылулық құбыр сұйық жылу тасымалдағышпен ішінара толтырылған герметикалық құбырдан тұрады. Сұйық жылу тасымалдағыш Ж. қ-дың бір ұшында буланып, жылуды сіңіреді, ал құбырдың екінші ұшында конденсацияланып жылу береді. Бу қозғалысы булану және конденсация аймақтарында қаныққан будың қысымдары айырмасы есебінен жүреді. Сұйықтың кері бағыттағы қозғалысы ауырлық күштің әрекетінен немесе жылулық құбырдың ішкі қабырғаларында орналасқан капилляр құрылым арқылы жүзеге асырылады. Ж. қ. энергетикада, ғарыш техникасында, т. б. қолданылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жылулық құбыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}