Жиделібайсын
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жиделібайсын — қазақ фольклорында (“Алпамыс батыр” жырында, Асан Қайғы туралы аңыздарда, т.б.) жиі кездесетін берекелі, қасиетті, құтты мекен. 16 ғ-да Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақтың көшпелі түркі рулары Орта Азия жерін басып алғанда, Жиделібайсын қазақ, қарақалпақ халықтарының құрамындағы қоңырат тайпасының үлесіне тиген. Жаңа қонысқа ауысқан қоңыраттардың саяси және әлеуметтік тұрмысында орын алған тарихи оқиғалар қазақтың “Алпамыс батыр” жырында эпикалық түрде суреттеледі. Тарихи жағдайларға байланысты қалың қазақтан қол үзіп кеткен қоңыраттардың мекені уақыт өте аңызға айналып, қазақ фольклорында халық қиялының символы болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жиделібайсын|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}