Жебеуші Христос шіркеуі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:34, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жебеуші Христос шіркеуі - 19 ғ-дың аяғында салынған діни архит. ескерткіш. Жайық қазақтарының орыс мемлекеті қол астына өтуінің 300 жылдығына арналып, 15-18 ғ-дағы жаңа москвалық архит. стилінде Орал қаласында соғылған. Шіркеу құрлысы 1891 жылы басталып, 1907 жылы аяқталды. Барабандары шатырмен жабылып, күмбезделіп бітеді. Оның үстіне крест орнатылған. Құрылыс қабырғалары, барабандары ашық-қоңыр түсті қыш плиткалармен қапталған. 1983 жылы жөндеуден өтіп, онда республикадағы алғашқы Атеизм музейі және планетарий құрылды.

Дереккөздер

↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7