Жауапкершілік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жауапкершілік<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref> — адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6</ref>

Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай Жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref><ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Economy-stub