Жарқын Айталиұлы Айталиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарқын Айталиұлы Айталиев (15.8.1903, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Шоңай ауылы – 26.9.1970, Алматы қаласы) – геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі (1958).

Өмірбаяны

  • Томск технологиялық институтын бітірген (1930).
  • 1930–38 жылы Оңтүстік және Орталық Қазақстанда темір, полиметалл, Алтай мен Қалбаның сирек кездесетін металл кендерін барлаумен шұғылданған.
  • 1938–48 жылы халық шаруашылығына, әсіресе, майдан мұқтажына аса қажетті шашыранды және сирек кездесетін металдарды іздеу мен зерттеуде көп жұмыс атқарды.
  • Алтай кен-металлургия ғылыми-зерттеу институтының директоры, геология бөлімінің меңгерушісі (1948–56)
  • Қазақстан Геология министрінің орынбасары (1957–61)
  • Қазақстан Ғылымдар Академиясының Физикалық география институтының сектор меңгерушісі (1963–67) болды.
  • Айталиевтің жетекшілігімен Таулы Алтайдағы сирек кездесетін металдар аймағының қазақстандық бөлігі бойынша металлогениялық мәліметтер жинақталып, қорытылды, Қалба–Нарым металлогения белдеуінің болжамдық картасы жасалды.

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}