Жалаңқабыршақты қылтанқұйрық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:58, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Taxobox Жалаңқабыршақты қылтанқұйрық (Үлгі:Lang-la) <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> – астық тұқымдасының қылтанқұйрық туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 9-25 см.
  • Сабағы жылтыр әрі тегіс. Төменгі жапырақтарының қынабы кедір-бұдырлы, жоғары бөлігіндегілерінікі тегіс. Тілшесінің ұзындығы 0,5 мм, кішкентай болғандықтан байқалмай да қалады.
  • Жапырақтары жалпақ, түсі жасыл, екі жағын да түк басқан, жиегі тегіс емес.
  • Масағы тік немесе аздап иілген, ұзындығы 5-10 (16) см, цилиндр тәрізді. Масақшасы 1-2 гүлді. Мамыр-шілде айларында гүлдейді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында, Қызылқұм құмды алқабында, Іле Алатауында, Шу-Іле тауларында, Батыс Тянь-Шаньда өседі. Өсетін орны - тау етегіндегі тастақты жерлер, тау өзендерінің құрғақ жағалауы, [жусан өскен шөлдала.

Дереккөздер

<references/>