Есютин Владимир Сергеевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:34, 2017 ж. наурыздың 10 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Владимир Сергеевич Есютин (15.7.1919, Алматы — 20.7.1992, Алматы) — ғалым, техникалық ғылымдар кандидаты.

Қазақ тау-кен институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1948). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1948 — 50 жылы Новосибирск қалайы комбинатында рафинаттау цехының технологы, 1952 — 92 жылы Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, топ жетекшісі, лаборатория меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты металдарды вакуумда үздіксіз рафинаттау процестерінің теориялық заңдылықтарын, т.б. зерттеуге арналған. Есютиннің қалайы, қорғасын және кадмийді рафинаттаудағы жаңалықтары Қазақстан және Ресей кәсіпорындарында (Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты және Новосибирск қалайы комбинаты) қолданыс тапты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1985), КСРО-ныңеңбек сіңірген өнертапқышы (1976). Ұлы Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдермен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, III том</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есютин Владимир Сергеевич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}