Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов (15.10.1911, қазіргі Ақмола облысы Еңбекшілер ауданы Шоқытас ауылы – 29.11.1966, Алматы) – әдебиет зерттеуші, филология ғылымының докторы (1957), профессор (1958), ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1958). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

Өмірбаяны

  • 1926-1930 жылдары Көкшетау мен Қызылжардағы (Петропавл) балалар үйінде оқып, тәрбиеленген
  • ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген (1934).
  • 1934 – 1935 жылдары ұлт мәдениеті ин-тында кіші ғылыми қызметкер,
  • 1935 – 1938 жылдары “Коммунист” журналының жауапты хатшысы,
  • 1939 – 1944 жылдары ҚР ғылым академиясының Тіл және әдебиет ин-тында ғыл. қызметкер,
  • 1944 – 1951 жылдары әл-Фараби атынд. Қазақ мемл. ун-тінде оқытушы, профессор.
  • 1956 – 1966 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. <ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Шығармашылығы

Алғашқы ғылыми мақалалары мен өлеңдер жинағы 20 ғ-дың 30-жылдары жарық көрді. Ысмайылов әдеби-сын мақалаларымен қатар қазақ әдебиетінің тарихы жөніндегі “Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы”, “Қазақ совет әдебиеті”, “Әдебиет теориясы мәселелері”, “Абайдың ақындығы туралы”, “XX ғасырдағы қазақ әдебиеті” атты ғылыми еңбектердің авторы. Ысмайылов Абайдың, Жамбылдың толық шығармаларының бірқатар академ. басылымдарын құрастыруға қатысты және олардың редакциясын басқарды. <ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

  • «Тұлпар жыры» (1933 ж)
  • «Жігер» (1934 ж)
  • «Жаз еркесі» (1936 ж) секілді жыр жинақтары жарыққа шықты.
  • "Ақындар", Алматы, 1956.
  • "Ақындық өмір", Алматы, 1965.

Ғылыми жұмыстары

1943 жылы «ХХ ғасырдың басындағы қазақтың демократиялық әдебиеті» деген тақырыпта филология ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғайды.

  • 1957 жылы «Қазіргі ақындардың шығармашылығындағы ұлттық дәстүр» деген тақырыпта («Ақындар» монограпиясының негізінде) докторлық диссертация қорғайды.
  • Е.Ысмайылов Қалижан Бекхожинмен бірігіп 1941 жылы Кенесары, Наурызбай және олардың батырлары жайындағы жыр-дастандар мен аңыз-әңгімелер жинағын баспаға әзірлеген. Алғы сөзі мен түсініктемесін жазған. Көлемі 30 баспа табақ (ҚазКСР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы, қолжазба қоры, №1328 бума). Қазақ ертегілерін жинау, жүйелеу, жариялау және зерттеу істеріне белсене араласқан.
  • 1940 жылы «Әдебиет теориясының мәселелері» дейтін оқу құралын жариялады.
  • Сәкен, Қасым, Тайыр, Жұмағали поэзиясы жөніндегі зерттеулерінде және «Сын мен шығарма» (1960), «Жаңа белеске» (1962), «Әдебиет жайлы ойлар» (1968) атты еңбектерінде сыншылық, ғалымдық қабілеттерін көрсете білген.
  • Есмағамбет Ысмайылов Абайтану іліміне де атсалысқан. Мысалы, «Абайдың поэтикасы», «Абайдың өлең өрнектері» (бұл екеуін З.Шашкинмен бірлесіп жазған), «Абайдың ақындық шеберлігі», «Абай өлеңдерінің сұлулық, әуезділік ерекшеліктері» сияқты мақалаларында Абайдығ поэтикасына қатысты біраз жайдың бетін ашады.
  • Кеңес үкіметінің солақай саясатының тырнағына да іліккен Есағаң А.Фадеевтің 1947 жылы маусым айында КСРО Жазушылар одағының ІХ пленумында жасаған баяндамасының «Сынның ұлт мәселесі төңірегіндегі қателіктері» деген бөлімінде Есмағамбет Ысмайыловтың «Қазақ совет әдебиеті» атты оқулығы қатты сынға алынды, ауыр сөздер айтылды. Кейін осы ұшқары шешімнің салдарынан ғалым ағамыз 25 жылға лагерге айдалып, тек Сталин өлгеннен кейін ғана ақталып шықты.<ref>Ұларбек Дәлейұлы. Көкшетауда ғалым рухы асқақтады</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті