Есләм Зікібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:01, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Есләм Зікібаев - 1936 жылы 5 маусымда Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Есіл ауданының Өрнек ауылында туған. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолы «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде басталып, одан «Қазақстан әйелдерд) журналында, «Социалистік Қазақстан» {«Егемен Қазақстан»), «Жетісу» газеттерінде жарасқан. Бүдан кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы, «Жалын», «Жазушы» баспаларының редакция меңгерушісі, «Кітап жартысы» — «Друг читателя» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, «Ақиқат» журналының бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі болды.

Жетістіктері

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Өзі туған Есіл ауданының Құрметті азаматы. Бірнеше мүшәйралардың жүлдегері.

Шығармалары

Алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық жастар газетінде жарық көрген. Қазақстан Жазушылар одағының 19861996 жылдары басқарма мүшесі болған. Серб жазушысы Змайдың бірталай шығармаларын башқұрт ақыны Ш.Бикколдың «Жүрегімнің жарығы», қырғыз ақыны Ж.Садықовтың «Тау жолы» жыр кітаптарын, түркмен жазушысы К.Қүрбаннепесов шығармаларын т.б. тәржімалаған. Оның өлеңдеріне біршама әндер жазылған.

  • Ақ қайыңдар. Өлеңдер. «Жазушы», 1975;
  • Аққу-арман. Өлеңдер. «Жазушы», 1977;
  • Мен космонавт боламын. Өлеңдер. «Жалын», 1978;
  • Ақ қайнар. Өлеңдер. «Жалын», 1982;
  • Ақ айдын. Алматы. 1980;
  • Ақ сағым. Алматы. 1982;
  • Алтын сағым. Өлеңдер. «Жазушы», 1985;
  • Верую в людей. Стихи. «Жазушы», 1989;
  • Құс ғұмыр. Өлеңдер. »Жазушы», 1992;
  • Дүние жалған. Өлеңдер. «Аман» ЖШС, 1998;
  • Арна. Өлеңдер. «Аман»ЖШС, 2001;
  • Жыр тағдырым. Алматы 2003;
  • Қас қағым сәт. Алматы. 2004;
  • Армандай ғұмыр. Алматы. 2007;
  • Өмір - бәйге. Астана. 2007.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}