Есбай Балұстаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:09, 2017 ж. наурыздың 24 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Есбай Балұстаұлы- Тазбала (1842, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сарыкөл көлінің маңы, — 1910, сонда) — күйші, композитор.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> Әкесі Балұста он саусағынан өнер тамған зергер, дәулескер домбырашы болған. 11 жасында әке-шешесінен жетім қалған Есбайды атасы Ерназар қолына алады. Баланың ерекше дарыны мен талабын байқаған атасы батасын беріп, ел аралап күй тартуға рұқсат етеді. Халық арасына “Тазбала” деген есімімен белгілі болған Есбай Еділ — Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз бойын, Маңғыстау мен Үстірт алабын, Орынбор, Саратов, Самара,<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref> Астрахан қалаларын аралап күй тартып, көптің алғысына бөленген. Белгілі күйші Абыл Тарақұлы Есбайға ерекше ықпал еткен. Абылды ол өзіне ұстаз тұтқан. Есбайдың “Өтті-кетті”, “Жалды қара”, "Терісқақпай” күйлері эпикалық серпін, филос. толғанысқа толы болса, “Балықшы кемпір”, “Шажда қыз” — өз замандастарының бейнесінен, ал “Бөгелек”, “Сарыалқа” күйлері табиғат көріністерінен сыр шертеді. Есбайдың күйшілігін А.В. Затаевич аса жоғары бағалаған. Есбай күйлерін біздің заманға жеткізген маңғыстаулық домбырашылар Назар, Арал, Сәулебай, Қисық, Кәуен (Жұмағали) және кейінгі Л.Мұхитов, М.Өскенбаев, С.Қазтуғанов, Ш.Ибрагимов, Б.Атанқұлов, С.Жалмышев, Қ.Шыртанов, т.б.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есбай Балұстаұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}