Ер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:About

Ер-тоқым (ер тұрман) — салт атқа мініп жүру үшін пайдаланылатын әбзелдердің бірі; көне заманнан бері көшпелі халықтың өмір қажетіне сай қалыптасқан айрықша құрал-жабдық және өнер туындысы. Ер өте сапалы, мықты ағаштан шабылады. Ер жасауға қайың, үйеңкі ағаштары пайдаланылады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Түрлері

Жасалу техникасы мен сыртқы түріне қарай қазақы ер, қырғыз ер, орыс ер, шошақ бас ер, үйрек бас ер, құранды ер, қозы құйрық ер, қазық бас ер, ашамай ер, қан бас ер, т.б. түрлерге бөлінеді. Бұлардың ішінен қазақ арасында көп тарағаны қазақы ер.

"Қазақ ер" сипаты

Ол екі түрлі:

  • ер кісілерге арналған ер, оның сүйегі жұқа және ықшам, жеңіл келеді. Мұндай ерді онша әшекейлемейді, тек жасалуына көп көңіл бөліп, жете өңдейді;
  • әйелдерге арналған ер, оның сүйегі ауыр, алтын, күміс, асыл тас, сүйек, мүйізбен әшекейленеді, былғары, шұға, барқытпен қапталады.

Қазақ ер бес бөлшектен тұрады:

  • алдыңғы қасы - артқы қастан биік болады, бет жағы ою-өрнектермен безендіріледі
  • артқы қас - үсті жалпақтау, алқымы тайыз болады
  • екі қаптал - бастары биіктеу, ортасы жазыңқы (аттың арқасына батпайтын болуы тиіс)
  • екі қастың ортасындағы белдік ағаш.

Ердің осы бес бөлшегі әзірленген соң, алдыңғы қасқа екі қапталды желіммен қондырады, осыдан кейін артқы қасты біріктіріп, бел ағашты екі қастың аралығына салып, ағаш шегемен бекітеді. Екі қаптал ағаштарының ердің алдыңғы қасына жақын, орта шенінен таралғы өткізетін тесік қашайды, қапталдың алғы екі басынан өмілдірік өткізетін, бүлдірге артқы екі басынан құйысқанды жалғайтын және қанжығаға керекті тесіктер дайындалады, осы тесіктер арқылы керекті күмістелген темір шығыршықтармен әдемі айылбастар орнатылады. Ердің бөлшектерін желімдеп болған соң былғарымен қаптап, шеттерін күміс жалатқан шегелермен бастырып қағады. Күміс ерлердің алдыңғы, артқы қасы түгелдей күміспен жабылып, шегелермен, кейде асыл тастармен әшекейленеді. Ал тартпа, таралғы, өмілдірік, құйысқан түгелдей күміспен сәнделеді.

Құранды ер

Жасалу жағынан өте күрделі, берік және жайлы да әдемісі — құранды ер. Мұндай ер 18, кейде одан да көп ағаш бөлшектерден құрастырылады. Ердің желімі әбден кепкен соң түйенің көнімен кектеп, ердің кісі отыратын жерін түгелдей қалың былғарымен қаптап тігіп, үстін күміс өрнектермен, асыл тастармен әдемілейді.

"Ашамай" ер

Қазақ шеберлері ұлға немесе қызға арнап "Ашамай" ер жасаған. Ұл баланы үш-төрт жастан бастап атқа мінуге үйреткен. "Ашамай" ер аса күрделі болмаған, ердің алдыңғы қасымен артқы қасы екі айыр, биік етіп жасалып, екі ұшында тесігі болған. Баланы ерге отырғызғанда сол тесіктен таяқша өткізіп, ат үстіндегі баланы мықтап ұстатады, аяғын үзеңгі қапқа кигізеді.

Дереккөздер

<references/>it:Finimenti#Selle