Ерген Николайұлы Дошаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Ерген Николайұлы Дошаев (1958 жылы 19 қаңтарда Ақтөбе облысы) - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты (сенатор). Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын, Мәскеу заң институтын тәмамдаған.

Мансабы

  • Институтты бітіргеннен кейін «Актюбинский вестник» облыстық газетінде тілші болып істеген.
  • 1992-1996 жылдары Ақтөбе облыстық әкімшілігі Басшысы аппаратында баспасөз-хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі, ішкі саясат және ақпарат бөлімінің меңгерушісі, көмекшілер мен кеңесшілер тобының жетекшісі болып істеген.
  • 1996 жылы – Ақтөбе облтелерадиокомпаниясының төрағасы.
  • 1996-1999 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
  • 1999-2002 жылдары – «Медимпекс» ЖШС-нің қаржы директоры, «Отандастар Полиграфия» ЖШС-нің директоры.
  • 2002-2006 жылдары – «Атырау Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының төрағасы.
  • 2003-2006 жылдары ІІІ сайланған Атырау облыстық мәслихатының депутаты болды.
  • 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының басшысы.
  • 2007-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы.
  • 2012-2013 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
  • «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер