Елизавета Малиновская

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:09, 2017 ж. наурыздың 24 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Малиновская Елизавета - 1948 жылы Алматы қаласында туған. Ташкент мемлекеттік педагогикалық шетел тілдері институтының ағылшын тілі факультетін (1970); И.Е. Репин атындағы Кескіндеме, мүсін және сәулет институтының өнерлер теориясы мен тарихы факультетін (1980), аспирантурасын (1985) бітірген.

Өнертану ғылымдарының кандидаты (1989). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның кәсіби сәулетінің қалыптасуы». Доцент. Қазіргі өнер, сәулет, дизайн тарихшысы, теоретигі және көркем сыншысы; галерист. «Өзекті мәселе жайында өзекті әңгіме», «Қазақстан өнерінің антологиясы» монографияларының кураторы және ғылыми редакторы. 200 көрменің кураторы.

Қазіргі өнер, сәулет мәселелері жөніндегі кітаптар, энциклопедиялық және арнаулы басылымдар, журналдардағы теориялық, мәдениеттану, сыни сипаттағы 300 мақала, кітап, монографияның авторы. Көпжылдық жобалардың бастамашысы және сатылы жүзеге асырушысы (1980 жылдан): бөлім авторы құқығында - энциклопедиялық «Қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің жинағы» монографиялық басылымының 7 томын, «Сәулеттегі қуғын-сүргіннің әлеуметтік-мәдени аспектісін» (жарияланымдар, кең ауқымды мұрағат, Бүкіләлемдік конгреске, мәслихаттарға қатысу) дайындауға қатысқан. «XX ғасырдың ұлттық жастар мектептері қалыптасуының мәдениеттанушылық аспектісі» жобасының аясында көптеген жарияланымдар мен зерттеулерді дайындаған. Тікелей қатысуымен ғылыми айналымға алғаш енген «Қазақстандағы топтамалау тарихы», «Әлеуметтік мәдени феномен ретіндегі галереялық қозғалыс», «1990-шы жылдардағы Қазақстан өнері» бағыттары жетілдірілген.

Өнер, сәулет, мәдени мұра туралы телебағдарламалардың тұрақты қатысушысы және жүргізушісі.

1972 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесінің ағылшын тілі мен әдебиетінің оқытушысы. 1985 жылдан - «Қазпроектреставрация» ҒЗИ «Мәдениет тарихы ескерткіштерінің жинағы» бөлімінің аға ғылыми қызметкері (Алматы қаласы). 1992 жылдан - Сәулет-құрылыс институтының сәулеттік жобалау кафедрасының доценті (Пенза қаласы, Ресей). 1994жылдан- «Тәңірі-Ұмай» галереясы директорының орынбасары (Алматы қаласы).

1997 жылдан бері - «ARK» көркемөнер галереясының негізін салушы және директоры (Алматы қаласы).

Халықаралық сыншылар қауымдастығының мүшесі (АІСА). «Рудольф Нуриевтің әлемдік зияткерлік мұрасы. Ресей - XX ғасыр» жобасының қатысушысы.

КСРО Сәулөтшілер одағы сыйлығының лауреаты (1990).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub