Елеусін Қайназарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:38, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ЕЛЕУСІН Қайназарұлы (1922, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қашқансу ауылы – 6.1.2004, Алматы) – ішкі істер қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (1973). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын ауылдық мектепте мұғалім болып бастаған. 1946 – 1951 ж. Қызылорда облысы партия комитетінде нұсқаушы, Тереңөзек ауданындағы жетім балалар үйінің директоры, Қармақшы ауданында оқу бөлімінің меңгерушісі, облыстық милиция бөлімі бастығының орынбасары, 1951 – 1983 ж. Жамбыл облысы милиция басқармасы бастығының, Алматы милиция мектебі бастығының орынбасары, Алматы қаласы МАИ басқармасының бастығы, Ішкі істер министрінің аппаратында штаб бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1983 – 1992 ж. Алматының жоғары оқу орындарында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болып істеді. КСРО ішкі істер министрінің еңбегі сіңген қызметкері, Ішкі істер министрінің үздігі. 1- 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Елеусін Қайназарұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}