Екінші период элементері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:31, 2014 ж. ақпанның 10 кезіндегі Бейсекова Ботагөз (Талқылауы) істеген түзету

Екінші период элементтері

Екінші период сілтілік литиймен басталып, инертті элемент неонмен аяқталады. Онда 8 элемент бар.Олардың химиялық таңбалары халықаралық атауларынан алынған. Мысалы литийдің таңбасы Li,латын тілінің «литос»—тас, бериллийдің Ве таңбасы гректің «веруллиум»—тәтті деген сөзінен алынған. Осы сияқты бор, көміртегі, азот, оттегі, фтордың да қалай аталып таңбаланғанын «Химия қақпасынан білуге» болады. Салыстырмалы атомдық массалары литийден неонге дейін солдан оңға қарай артады. Периодтық жүйедегі реттік нөмірі 3 пен 10 аралығындағы сандар. Топ реті I мен VIII аралығында, ал осы сандарға сәйкес жоғары валенттілігі, теріс зариядты электрондары атом ядросындағы оң зариядты протондары тең сандар. Салыстырмалы атомдық массасын реттік нөмір сандарын алып тастағандағы айырма сан—зарияды жоқ нейтрон саны болып табылады. Енді элементтердің жай зат немесе бос күйіндегі қасиеттеріне тоқталайық: 2—периодтағы элементтер бос күйге көшкенде (11) мынандай агрегаттык куйде болады: Литий бос куйінде қатты, сұр түсті металдық жылтыры бар. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 6(калий мен фосфордан гөрі қаттылау) Бериллий сұрғылт түсті, әжептеуір қатты, бірақ морт кетеді. Бор да бос күйінде қатты қара сұр түсті Бұдан басқа бордың да аморфты түрі де бар. Ол— қоңыр түсті ұнтақ зат.