Еділ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:57, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Өзен Еділ (Үлгі:Lang-ru) өзені - Еуропадағы өзен.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Еділ, Волга (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен өзен. Ұзындығы 3530 км, су жиналатын алабы 1360 мың км2. Бастауын Валдай қыратынан (абсолюттік биіктігі 343 м) алып, Каспий теңізіне құяды. Сағасы теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Еділге екі жүзден астам салалар құяды. Орта ағысында Ока, Шолман, Сура, Ветлуга және Свияга салалары құйғаннан кейін, Еділ суы мол ірі өзенге айналады. Өзен қар суымен (60%-ы), жер асты суымен (30%) және жаңбыр суымен толығады. Көктемде (сәуір – маусым) тасиды, жазда және қыста суы кемиді. Күзде жаңбыр суымен қайта молаяды. Еділде балықтың жетпіс түрі кездеседі, оның қырықтан астамының кәсіптік маңызы бар. Аса маңыздылары: торта, майшабақ, табан, көксерке, сазан, жайын, шортан, бекіре, шоқыр. Өзенді электр энергиясын өндіруге, көлік қатынасына, жер суаруға және суландыруға пайдаланады. Өзен суы Еділ-Жайық аралығындағы бір миллион гектар жерді суғаруға және тоғыз миллион гектар жерді суландыруға мүмкіндік береді. Өзенде кеме қатынайды. Волга-Балтық су жолы арқылы Балтық теңізімен, Волга-Дон каналы арқылы Азов (Азау) және Қара теңіздермен байланысады. Аса маңызды өзен порттары: Тверь, Рыбинск, Ярославль, Кинешма, Төменгі Новгород, Чебоксар, Қазан, Ульяновск, Тольятти, Самара, Сарытау, Волгоград, Астрақан.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geo-stub