Дәуірхан Жәлиұлы Айдаров
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дәуірхан Жәлиұлы Айдаров (15 шілде, 1930 жылы туған, Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы) – мемлекеттік қайраткер. Философия ғылымдарының кандидаты (1963).
Өмірбаяны
- Қызылорда мемлекеттік педогогикалық институтын (Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1950),
- Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған.
- 1950–87 ж. аудан, облыс, комсомол комитетінде, облыстық партия комитетінде, Қазақстан Компартиясы ОК аппаратында жауапты қызметтер атқарды.
- 1987–90 ж. Қазақ КСР "Білім" қоғамы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары
- 1991–96 ж. Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент
- 1998–2000 ж. Алматы педогогикалық университетінде (қазіргі ҚазҰПУ-да) доцент.
Шығармалары
- «Жақсы әдет-ғұрып, мерекелердің қалыптасуы»
- «Асыл қазына»
- «Сағынышты жылдар»
- «Ақ ниет», т.б. кітаптар мен ғылым еңбектер жазған.
Марапаттары
- 2 мәрте «Құрмет белгісі»
- Еңбек Қызыл Ту ордендерімен
- медальдармен марапатталған.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}