Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Діл"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (Жалпы мәліметтер: clean up, replaced: Алматы: Жеті жарғы → Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008. ISBN → 2008 жыл. ISBN using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Менталитет немесе діл (Үлгі:Lang-la) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға беруі, әлеуметтік ұстанымы әзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады.

Жалпы мәліметтер

Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым. Діл мәдени бірегейленуімен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық, этностық, өркениеттік, т.б.), көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен, шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны мол тұлғаларға тән. Осыған орай, ең алдымен, этностық сананың тұрақтылығын, дүниетанымының әмбебапты болатындығын ескерген жөн.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы,ISBN 9965-32-491-3 2007.</ref> Діл "біз және біз емес" деген ажыратушы оппозицияға негізделеді.<ref name=s2/>

Ділді оған табиғаты ұқсастау мәдени архетип пен ұлттық мінез-құлықтан ажырта білген жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық, бейсаналы сипат иеленеді, ал таңбалардың, рәміздердің, мағыналардың пайымдалған жүйесін құрайтын діл саналы талқыға түсіп отырады. ¥лттық мінез-құлық мәдени архетиптермен бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи, этнопсихолдық ерекшеліктері арқылы көрініс табады. Діл әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық Ұлы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ белгілер бар.<ref name=s2>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Діл — әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, нанымиланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы.<ref>Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8</ref> Менталитет жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда менталитет — өзгеше ойлау типі. Менталитет — табиғат және әлеуметтік жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық менталитет терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р. Эмерсан (1856) енгізді. Менталитет қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филосафиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.– Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Діл ұғымы

Ғылыми-публицистикалық және саяси әдебиеттерде діл туралы соңғы жылдары ғана айтыла бастады. Сондықтан бұл ұғымды түсінуде кейде бірмағыналылық жетіспей жатуы мүмкін. Соған қарамастан, бір мәселенің басы ашық деп сеніммен айтуға болады. Ол қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік прогреске жету үдерісінде бұқараның саяси ділінің шешуші рөлін атқарады.

Ділдің табиғатын түсіну үшін, оны, алдымен, мына үш қырынан қарастырып көрейік. Біріншіден, діл жеке адамның немесе әлеуметтік топтың сана деңгейін көрсетеді, санамен тығыз байланыста болады. Сонымен қоса ділдің санамен шектелмей, одан тысқары жаткандарды да қамтитынын ұмытпау керек.

Мысал үшін бір стандартты ахуалдағы саяси сана деңгейі түрліше екі азаматтың әрекетін алып қарайық. А деген азамат, үнемі әлеуметтік белсенділік танытады, ел ішінде немесе сыртында болып жатқан оқиғаларға қатысты өзінің; тұрғысын ұстанып, белгілі бір саяси кештерді белсенді қолдайды, кейбіреулерінің әрекетіне сыншылдықпен қарайды. Ол саясатты бүкілхалықтық іс деп біледі, өзін де саясаттың әрі объектісі әрі субъектісі деп есептейді және содан туындап жататын жауапкершілікті түсінеді.

Екінші Б деген азамат өзін саясаттан тысқарымын деп есептейді. Оның саяси партиялармен ісі жоқ, олардың бағдарлмалары, басшылары оны қызықтырмайды. Сайлау кезінде дауыс беруге бармайды, өзін сайлауға да қарсы. Мінеки, бұл мысалдан біз саяси санаға қатысты ділдің, бірінші жағдайда — саяси белсенділік, екінші жағдайда енжарлық сипаттағы көрінісін байқаймыз.

Жеке азаматтар ғана емес, ірі әлеуметтік топтар да бүкіл қоғам осындай саяси сана деңгейіне пропорциялы белсенді немесе пассивті болуы мүмкін.

Мынадай сұрақ туындайды: пассивті қоғам немесе азамат Б өз әрекетімен өздерін саясаттан аулақ үстай алды ма? Әрине, жоқ. Олар саяси енжарлығымен-ақ өздерінің саяси тұрғысын білдірді. Келтірілген жағдайда олар билікке әділ емес жолдармен келгісі келетіндердің пайдасына әрекет жасады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: ешкім де саясаттан тысқары бола алмайды, авторлық қоғам мүшесінің саясатқа араласпауының өзі — консерваторға көмектесуден көрініс беретін саясатқа араласу.

Бұдан шығатын екінші қорытынды: саяси сана деңгейі ділдің критериі ретінде көрініс береді. Саяси белсенділік жағдайын қоғам динамикалы дамиды, өз келешегін өзі жасай алады. Екінші жағдайдағыдай, қоғам мүшелері белсенділік танытпаса, оның тағдырын билік басындағылар шешеді.

Ділдің екінші кыры адамның немесе әлеуметтік топтың әрекетке және ойлауга қабілетінен көрініс береді. Ол ақыл сапасының көрсеткіші ретінде жеке адамдардың немесе топтың рухани жағдайын, нағыздықтың түсінілу бейнесін айқындайды, ойлау тұрпаты және ұжымдық калыптасатын ойлау мен тәртіптің құрылымы ретінде көрініс береді.

Қоғам өзінің дамуы кезінде түрлі сілкіністерге, дағдарыстарға ұшырап отыруы мүмкін. Осындай төтенше жағдайларда кейбір қоғамдар тығырықтан жол тауын шығады, енді біреулері құрып кетуі мүмкін. Бұл қоғамның өрекетке және ойлауға кабілеттілігіне байланысты.

Өткен ғасырдың екінші жартысында коммунистік билік орнатқан бірқатар елдер бұқаралық апат жағдайларын бастарынан кешірді. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде Камбоджада 8 миллион адамның 3 миллионы қырылып калды. Эфиопияда екі-ақ жылдың ішінде халықтың жартысына жуығы жойылды. 1929-1933 жылдардағы қазақ халқы басынан кешкен нөубет бұлардан асып түсті — этностық қазақтардың үштен екісі қырылды және шет елдерге босып кетті.

Билікке күмәнді жолдармен келіп алып, ойына келгенін істейтін үкіметке сеніп, оған қарсы шыға алмай, екінші сөзбен айтқанда, ділдің мешеулігі салдарынан өрлеуден аулақ қалу, құрып кету каупі қазір де сейілді деп айтуға болмайды. XX ғасырдың екінші жартысында мұндай жағдайлар Индонезияда, Ауғанстанда, бұрынғы Кеңес Одағының қарауында болған ұлттық республикаларда көрініс берді.

Ділдің келесі, үшінші кыры—адамдардың дүниені белгілі бейнеде қабылдауы мен сезінуінен, прогреске дайындыгынан, зауқынан көрініс береді. Дүние дегенде бұл жерде адамдардың әлеуметтік өрлеуге қол жеткізген, мүдделері ескерілген, құқықтары қорғалған, шын мәніндегі ерікті қоғам ұғымын көз алдыға елестетуге болады. Өрлеудің кепілі демократия десек, адамдардың демократиялық санасы мен мәдениеті деңгейінің ділді айқындайтын фактор болын шығуы осыдан көрінеді. Адамдар еркіндікті сезінуі, оған құлшынуы, өз мүддесін алға тартып, құқықтарын пайдалана білуі керек. Ол үшін бірқатар саяси-құқықтық білім керек.<ref name=kog1>Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. ISBN 9965-33-570-2</ref>

Ділді қалыптастыратын факторлар

Ділдің қалыптасуы қоғамда бағаланатын құндылықтарға, идеалдарға, мәдениет деңгейіне, әлеуметтік құрылым мен адамның өмір сүрген ортасына, әкімшілік, идеологиялық және экономикалық шараларға байланысты. Тиісінше, туынды сана және санасыздық ретінде адамның өзі ділді қалыптастырады.

Ал қоғам өз еркімен, саналы түрде ұстанатын идеалдарды, құндылықтарды өзгерте алады, мәдениетке де сапалы жаңалықтар енгізе отырып, оны бұрын болмаған деңгейге көтереді. Әлеуметтік құрылымды да өзгертеді. Сонымен, діл адамдардың санасымен, дүниені қабылдауымен, сезімімен, құлшынысымен, зауқымен де байланысты. Бүдан ділді өзгертуге және қайта тәрбиелеуге болатыны көрінеді. Ол үшін бағытталған идеологиялық шаралар жүргізу керек.

Кезінде коммунистік идеология Сталиннің жеке басына табыну бағытын ұстанғанда, бүкіл кеңес халқы оны қабылдап, "халықтардың әкесі" өлгенде өз әкелері елгендей, еңірегенде етегін толтырды. Тоқырау жылдары деп аталатын кезеңде келешекте "ұлттардың қосылып кетуі", "тілдердін жойылатыны" туралы "қағидаларды" күн құрғатпай қақсаудын салдарынан түрлі ұлт өкілдері, солардың ішінде қазақтар да, келешегінен түңіліп, ұлттық нигилизм психологиясына бой алдырды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің елімізде цензураға тыйым салынады. Әркімге өз пікірін ашық айту мүмкіндігі берілген. Тәуелсіз БАҚ-тың ұстанатын тұрғылары әр түрлі. Бұл жағдай кез келген азаматтың өз ойына келген пікірін көпшілікке жеткізе алуына мүмкіндік береді.

Солай болса да, қоғамда кейде цензура орнатып, белгілі бір ақпараттың көпшілікке тарап кетпеуі үшін жанталасатын күштер де табылып жатады. Олар біржақты ақпаратпен бұқаралық санада бүр жарып келе жатқан демократиялық діл ұшқындарын өшіруге әрекеттенеді. Мұндайда бұқараның ділі шектеулі акпаратпен тұйықталып, өз мүдделері үшін күресе алмайтын деңгейге түседі.

Әр халықтың немесе бүкіл өңір халықтарының өзіндік ділі болады. Сонымен қоса бүкіл Батыс халықтарына және Шығыс халықтарына тән жалпы ортақ діл бар. Діл қоғамның даму сипатын айқындайтын факторлардың бірі ретінде өте үлкен маңызға ие.<ref name=kog1/>

Ділділік мәселесі

Діл болған жерде ділділік мәселесі туындайды. Ділділік — индивидтің немесе топтың әрекетіндегі ділдің көрінісін, демек, оның айшықтығын немесе көмескілігін бейнелейді. Мысалы, бұқара демократиялық құндылықтарды санасына жақсы сіңірген болса, онда ол саяси мәдениетінің, құкықтық сауаттылығының жоғарылығымен қоғам өміріне белсене араласады, үкіметтің қызметін бақылауға алады, өз құқықтарын корғап қалады. Мұны ділділіктің көрінісі деуге әбден болады.

Бір ескеретіні, бұқара ділділігін ұнамсыз жағынан да көрсетуі мүмкін. Мысалы, ол саяси белсенді емес, өз құқықтарын қорғай алмайды, қоғамдық бірлестіктердің, өзге ұйымдасулардың жұмысына қатыспайды, соның салдарынан қоғамда болып жатқан саяси құбылыстардың мәнін түсінбейді, сонысымен өзіліп отыра береді, жеңіледі, қырылады, қашады. Демек, ділділіктің жоғарыда аталғандай, құпталатын керінісі сияқты, құпталмайтын, жағымсыз көрінісі де болады. Бір халықтың саяси белсенділігі мен құқықтық сауаттылығын көрсетуі ділділік болғаны сияқты, екінші халықтың саяси бұйығылы мен құқықтық сауатсыздығын көрсетуі де ділділікке жатады. Өйткені екеуі де ділді (құпталатын немесе құпталмайтын) айшықты көрсетіп түр. Ділділіктің елшемін оның құпталатынына немесе құпталмайтынына қарап бағалауға болмайды. Ділділік — бар немесе жоқ, көрініс беріп тұр немесе көрініс беріп тұрған жоқ— сонысымен ділділік. Ал құпталу немесе құпталмау — ділділіктің сапалық критериі.

Ал ділсіздік ұғымында мағына жоқ. Өйткені бұқара бар жерде — жақсы немесе жаман болсын діл бар. Діл бар жерде, жақсы немесе жаман болсын, оның көрінісі бар. Ділдің қандайының болса да, жақсы немесе жаман болсын, көрінісі ділділік болып табылады.

АҚШ халқының ділінің мынадай ерекшеліктері бар: саясатқа белсенді араласады, Үкіметтің әр қимылын бақылайды, әкімдерден есеп алып отырады, ойына келгендерін ашық айта алады, кез келген мәселені шешуде тез бірігіп кетеді.<ref name=kog1/>

Діл және ұлттық психология

Сырттай қарағанда діл мен психологияның қоғам өміріндегі көрінісі ұқсас. Екеуі де сананы меңдеген, адамның немесе топтық әрекетіне тура әсер ететін санасыздық құбылысы ретінде көрініс береді. Бірақ бұлардың мәнді айырмалары бар. Психология үнемі өзгере бермейтін орнықты факторлардың — халық мекен еткен жердің табиғатының, климаттық жағдайлардың, мыңдаған жылдар бойы шұғылданып келе жатқан кәсіптің, орныққан салттардың, дәстүрлердің, ғұрыптардың, халықтың басынан кешкен тарихының туындысы болса, діл орнықсыз факторлардың — билікке келген түрлі үкіметтер жүргізген саясатының, идеологиялық шаралардың, белгілі бір мерзімді қамтыған әлеуметтік сілкіністердің, катаклизмдердің салдары болын табылады. Психология оңайлықпен өзгермейді, "қанға сіңген" қасиет сияқты көрініс береді, ділді білім идеологиялық, экономикалық-әлеуметтік шаралар арқылы өзгертуге болады.

Ділдің орнығуы дамудың белгілі кезеңінде қалыптаскан ахуалға тәуелді. Ол бір жағынан, практикалық қызмет барысында; екіншіден, рухани тіршіліктің жемісімен айқындалып, әлеуметтік маңызды идеялардың айналасында орнығады. Адамдардың басына қандай идеялар "тықпалануына" көп нәрсе тәуелді. Тарихи-фактормен тоталитарлық билік жағдайында орнаған келеңсіз нышандар ұшырасады.

Экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық факторлардың әсерінен өрбіген құбылыстарға мыналар жатады. Малшы халықтарға тән салғырттық, шалағайлық, аңқаулық, жалқаулық, білім мен мәдениеттің төмендігінен туатын жұқтырғыштық пен еліктегіштік, адамдар қауымдастығының ұлтқа дейінгі пішіндеріне тән, сарқыншақ мінездер — рушылдық, жүзшілдік т.б. Бұрын қазақтың ұлттық санасында болмаған, отарлық және тоталитарлық режимдер кезінде жұқтырылған, түрлі идеологиялық және шаруашылық шаралардың салдары болып табылатын әлеуметтік-психологиялық кешендерге идеологиялық факторлардың әсерінен болған солақайлық кешені ( жалақорлық, күдікшілдік, өпербақандық); отарлық тәуелділікте болған халықтарға тән арызқойлық, күншілдік, жағымпаздық, өзгеге жүгінгіштік, жуастық, масылдық, құлдық бағыныштылық, құлдықтың ерекше түрі мәңгүрттік, т.б.

Қоғамдық психологияда белгілі деңгейде көрініс бергенімен, жоғарыда аталған жағымсыз құбылыстарды ұлттық психологияға жатқызуға болмайды. Ол — тарихтың белгілі бір кезеңінде билік иелері жүргізген саясаттың салдары, демек, ділдегі өзгерістер. Енді идеологиялық тәрбиенің бағытын өзгерту арқылы ділдегі келеңсіздіктерді түбегейлі өзгертіп жіберуге болады.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы жаппай геноцид, зиялы қауымды қырғынға ұшырату бұқаралық санаға арызқойлық пен жалақорлық психологияны орнықтырып кетті. Кадрларды іріктеу мен қызметке орналастырудағы әділетсіздіктер, жоғарыдағылардың төмендегілерді жеке басына берілгендік ұстанымымен тағайындауы жағымпаздықтың өршуіне себеп болды. Жоғары лауазымдарға кәсіпқойлығымен емес, пысықтығымен немесе сыбайластықпен келіп алған, ұлттық мүддені көздеуді білмейтін, ру мүддесімен күн кешіп жүргендер жойылып бара жатқан рушылдықты қайта коздырады. Осылай түрлі келеңсіз құбылыстардың бәрі өз себептерімен қоғамдық санадан орын алып жатты. Бұл жерде ескерте кететін бір жайт, патшалық Ресейге бағыныштылық және коммунистік билік тұсында бұқаралық санаға ұялағанның бөрі тек қазаққа ғана тән емес.<ref name=kog1/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}