Доулатшаһ Самарканди

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:14, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Доулатшаһ Самарканди немесе Доулатшаһ иб Ала ад-Доуле - (1438-1491) - парсы және тәжік жазушысы.
"Тазкират ош-Шоара" (1487ж аяқталған) трактатының авторы. Бұл еңбекте 350 шақты ақының өмірбаяны туралы әңгімелер мен олардың өлеңдерінен үзінділер, 10-15 ғасырдағы Хорасан мен Орта Азия тарихына байланысты мәліметтер де бар. Трактатқа, сондай-ақ автордың Ә.Науаи, Жәми ақындарға, Хусаи Байқара сұлтанға арнаған өлеңдері де енген.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998