Домбағұл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Домбағұлорта ғасырлардан сақталған көне сарай қалдығы. Қарағанды облысындағы Ұлытау кентінен солтүстікке қарай 80 км жерде, Арғанаты тауының батыс етегінде орналасқан. Оңтүстік Қазақстанды қоныстанған қыпшақтардың Домбағұл сынды көптеген сарайларының болғандығын XX ғ-дағы араб ғалымы Идриси мен XIII ғ-дағы саяхатшы Рубрук жазып қалдырған болатын. Сарайдың қалдығын XVIII ғ-дағы орыс саяхатшысы Н.П.Рычков пен XIX ғ-дың басында қырды аралауға шыққан кен инженері И.Шангин де көріп тамашалаған. 1946–50 ж. Ә.Х.Марғұлан (Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы) сарайдың ғылыми сипаттамасын жасады. Кейін Ж.Смайылов зерттеген. Домбағұл осы өңірдегі Алаша хан бекінісінен кейінгі күшейтілген ірі қамал орнына жатады. Төрт жағынан ормен және қорғаныс жалдарымен қоршалған төртбұрышты алаңқай түрінде салынған. Сарайда көлемді қазба жұмыстары жүргізілмеген, шағын мөлшердегі ұңғымадан көптеген мал сүйектері алынды. Сарай маңындағы кішірек жылғаның айналасынан егістік орындар мен суландыру жүйесінің қалдықтары табылды. Домбағұл жергілікті билеушілердің күшейтілген бекініс ордасы болған. Сарайдың салынған мерзімі жайында ғалымдар арасында екі пікір бар. Марғұлан мұны Ақ Орда кезеңіне (XIV–XV ғ-лар) жатқызса, Смайылов одан ертерек уақытқа, IX–XI ғ-ларды қамтитын оғыз-қыпшақ заманына жатқызады.<ref name=source1>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://www.ylutay.kz/dombaul.php

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}