Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Джон Грин"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Туылған → Туған (3) using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

08:14, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Жазушы

Джон Грин (ағылш.John Green;1977 жыл 24 тамыз) – американдық жазушы, жас өспірімдерге арналған кітаптардың авторы. Оның ең танымал романдары деп “Жұлдыздар кінәлі” (2012) және ”Алясканы іздестіруде” (2005) саналады. Видеоблогшы және білім беруге арналған видеолардың құрушысы.

Жастық шағы мен мансабы

Джон Грин Индиана штатындағы, Индианаполис қаласында, Майк пен Сидни Грин отбасыларында туылды. Джонның туылғанынан үш апта өткен соң, оның отбасысы Мичиганға, кейін Алабамаға, және де ақырында Орландо,Флоридаға көшеді. Джон Орландо қаласындағы Хайленд Даярлау мектбінде (Lake Highland Preparatory School) және Indian Springs School мектептерінде оқыған. 2000 жылы Грин Кеньон-Колледжін қосарла дипломмен (ағылшын әдебиеті мен дінтану) бітіреді.

Колледж бітірген соң Джон 5 ай бойы, балалар ауруханасында капеллан студенті ретінде жұмыс жасайды. Осы сәтте ол дін қызметшісң болуға ынталанған, бірақ ауыр аурулардан зардап шеккен балалармен жұмыс жасау Джонды жазушы болуға шабыттады.

Бірнеше жыл аралығында Грин Чикагода өмір сүреді. Осы жерде ол Booklist журналындағы редактор көмекшісі болып жұмыс істеген уақытта, рецензиялар мен ”Алясканы іздестіруде” романың жазады. Осы уақытта ол жүздеген кітаптарға рецензия жазыпты. Кейін 2 жыл шамасында ол Нью-Йоркте тұрады.

Жұмыстары

Джон Гриннің тұңғыш романы ”Алясканы іздестіруде”, 2005 жылы күнің көріпті. 2012 жылы “Нью-Йорк Таймстың” бестселлердің тізіміне кірген.

Джон Гриннің екінші романы “Көптеген Катериналар” (2006 жыл) атты романы, жыл сайынғы Принц Премиясында екінші орынға ие болып, Los Angeles Times кітап премьерасында финалға шығыды.

2008 жылы шыққан Джонның “Қағазды қалалар” атты романы да көптеген жетістіктерге жетті .

Осымен қатар Джонның “Уилл Грейсон , Уилл Грейсон” , “Жұлдыздар кінәлі” және тағы да басқа романдары бар.

Жеке өмірі

Джон Грин Индианаполиста, әйелі Сара Урист Гринмен және ұлы Генри, қызы Элиспен бірге тұрады.

Библиографиясы

  • Алясканы іздестіруде
  • Көптеген Катериналар
  • Қар жаусын : 3 мерекелік хикаяттар
  • Қағазды қалалар
  • Уилл Грейсон,Уилл Грейсон
  • Жұлдыздар кінәлі

Дереккөздер