Джам мұнарасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Джам мұнарасыАуғанстанның солтүстік-шығысындағы 12 ғасырда тұрғызылған мұнара. Биіктігі – 60 метрден асады. Делидағы Кутуб-Минара мұнарасынан кейінгі күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, биіктігі бойынша әлемдегі екінші мұнара.<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B6%D0%B0%D0%BC%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%B5%D1%82</ref>

Гурид әулетінің сұлтандарының астанасы болған Фирузкух қаласынан қалған мұнара. Гурид сұлтаны Гияз-ад-Дин 1192 жылы газневидтерді жеңгенінің құрметіне 1194 жылы мұнараны салдырады. Қаланы 1221 жылы Шыңғыс хан әскері қиратқан болатын. Тіпті біраз уақытқа дейін қаланың орналасқан жері ұмытылған.

2002 жылы мұнара мен оның маңындағы қала қиратындылары ЮНЕСКОНЫҢ әлемдік мұралар қорына №211 нысан болып тіркелді.

Саяси тұрақсыздық пен алыста орналасқандықтан ескерткішке толықтай ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілмеді. Су тасқыны, жер сілкінісі және заңсыз қазба жұмыстарының салдарынан оның сақталуына қауіп төніп тұр.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}