Дауыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дауыс — адамның және өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін әрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты. Дауыс күші дауыс желбезегінің дірілімен анықталады. Толқын жиі болған сайын дауыс та күшті болады. Адам дауыс күшін өз еркінше өзғерте алады. Музыкада - дауыс төмен (жуан), жоғары (жіңішке) және "қойылған", "қалыпқа түскен" (арнайы маманданған кәсіпқой әншінің дауысы, сахна сөзі), сондай-ақ "қалыпқа түспеген" (арнаулы білім алмаған әуесқой әншінің дауысы, тұрмыстағы әдеткі сөйлеу, тілдесу) болып бөлінеді. Ал таза кәсіби тұрғыдан дауыс негізгі алты түрге бөлінеді:

1. әйел дауысы -

2. ерлер дауысы -

  • тенор (ең жоғарғысы),
  • баритон (орташасы),
  • бас (ең төменгісі).
    Сондай-ақ баланың дауысы альт, дискант болып бөлініп, ол балиғатқа (12 - 14 жасқа) дейін октавағаөседі. Әрбір дауыс түрінің жарқын сазды, биік, толғай айтылатындарына лирика, ал қою үнмен, жігерлі де қоңыржай шығатындарына драма деген атаулар да қосарлат қосылады.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Тағы қараңыз:

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}