Гүлшара Әбутәліпқызы Сарықұлова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:09, 2017 ж. наурыздың 24 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Гүл-шара Әбутәліпқызы Сарықұлова - 1925 жылы 15 маусымда Сырдария (Шымкент) аймағы Шәуілдір ауданында туған. Қазақ.

Ортаазиялық мемлекеттік универститеттің тарихи факультетінің өнертану бөлімін бітірген (Ташкент қаласы, 1953).

Өнертану кандидаты (1963). ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі.

Қазақстанның тарихында бірінші болып өнертану саласы ёойынша кандидаттық диссертация қорғады. Қазақстандық өнертанудың ғылым ретінде дамуына негіз салды.

Қазақстанның графикасы жайлы алғашқы монографиялық және жалпылама еңбектердің; «Евгений Сидоркин», «Антощенко-Оленев» кітаптарының; «Қазақстанның графикасы» іргелі монографиясының; Ә. Қастеевтің, С. Мәмбеевтің, С. Айтбаевтың және т.б. шығармашылығы туралы мақалалардың авторы. Оның жетекшілігімен «Қазақстанның бейнелеу өнері» (1963), «Қазақстанның бөйнелеу өнері тарихының очерктері» (1978) еңбектері, «Қазақстанның бейнелеу өнөрінің шеберлері» циклының кітаптары (1972, 1984) жарық көрді.

1953 жылдан - Т.Г. Шевченко атындағы Мемлекеттік көркемсурет галереясының ғылыми қызметкері. 1957 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігінің бірегей инспекторы. 1959 жылдан - ҚазКСР ҒА жанындағы Тіл білімі және әдебиет институтының аспиранты. 1961 жылдан - М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнері институтының бейнелеу және халықтың қолданбалы өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, 1971 жылдан 1990 жылдары - меңгерушісі.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі.

«Еңбектегі озаттығы үшін», «Еңбек ардагері», «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске алпысжыл» медальдарымен; ҚазКСР ҒА Президиумының мерейтойлық грамотасымен; ҚазКСР Жоғары Көңес Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Тұрмыста. Жұбайы - Сатымбеков Арыстанбек (1930 жылы туған), зейнеткер, ҰОС қатысқан, ҚР Еңбек сіңірген экономисі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref> <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}