Гетеротрофты ағзалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гетеротрофты организмдер (грек. heteros – басқа, жат, trophe – қорек) – негізінен дайын органик. заттармен қоректенетін организмдер. Олар өз денесінің құрамын бейорганик. заттардан түзе алмайды. Гетеротрофтарға адам және барлық жануарлар, паразиттік жолмен тіршілік ететін өсімдіктер, саңырауқұлақтар, көптеген микроорганизмдер жатады. Гетеротрофтар энергияны органик. заттардың биол. тотығуының арқасында алады. Гетеротрофтардың қоректенуіне қарай үш түрі болады: сапрофитті немесе осмотрофты Гетеротрофтар – түрлі организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде ыдыраған немесе бөлінген өнімдермен қоректенетін организмдер (ашытқылар, зең микробтары, көптеген бактериялар); голозойлы немесе анималды Гетеротрофтар – басқа организм денесіндегі сөлдермен қоректенетін организмдер. Табиғатта аралас қоректенетін түрлері де бар, мыс., арам шырмауық басқа өсімдікке жабысып тіршілік етеді. Жасыл евглена денесінде жасыл пигменттер (хлорофилл) болғандықтан жарық кезде ол автотрофқа, ал қараңғыда – гетеротрофқа айналады. Кейбір өсімдіктер (қырықбуынның спора түзетін бұтақтары, дәнінің өніп келе жатқан тұқымдары) дамудың белгілі бір сатыларында гетеротрофтар болады. Гетеротрофтар табиғатта синтезделу процесі нәтижесінде аз мөлшерде болса да органик. заттар (мыс., көміртектің 10%-ы) түзеді. Құрамында жасыл пигменттер клеткалардың СО2 сіңіретін қабілеті хемосинтез және фотосинтез процестерінің эволюциясында шешуші рөл атқарды. Қазіргі кезде жануарлар тіндерінің де СО2-ні сіңіре алатын қабілеті бар екені анықталған. Осыған байланысты организмдерді автотрофтар мен гетеротрофтарға жіктеу – олардың көміртекті сіңіру қабілетіне емес, пайдаланатын энергия көзіне негізделген. Сондықтан Гетеротрофтарға көміртек көзі ретінде күрделі органик. қосылыстар (көмірсулар, майлар, ақуыздар) тотығуынан бөлінген көміртекті пайдаланатын организмдер; фотоавтотрофтарға – фотохим. әрекеттесуді пайдаланатын организмдер; ал хемоавтотрофтарға – органик. емес заттардың тотығуы кезінде бөлінген энергияны пайдаланатын организмдер жатады. Гетеротрофтар күрделі органик. заттарды ыдыратып және минералдандырып отыратын табиғаттағы зат алмасуда маңызды рөл атқарады. Гетеротрофтар автотрофтармен бірігіп, табиғатта біртұтас биол. жүйені құрайды.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гетеротрофты ағзалар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}