Герман Борисович Жилинский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Герман Борисович Жилинскийғалым, геологиялық-минералдар ғылымының докторы (1958), профессор (1959), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1960).

Қысқаша өмірбаяны

Үлгі:Infobox Biography 1937 Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазөТУ) бітірген.
193750 ж. Чукоткада геолог, бас геолог, Чукотка құрылыс басқармасы бастығының орынбасары.
195175 ж. Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары;
196466 ж. Қазақстан ғылым академиясы Президиумының академик-хатшысы;
197579 ж. КСРО ғылым академиясының Геология ғылымдар институтының Сібір бөлімшесі, Якут филиалының меңгерушісі;
197985 ж. Хабаровск политехникалық институтының Магадан филиалында ғылыми қызметкер;
198590 ж. Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында бас ғылыми қызметкер болды.

Еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері металлогения, қалайы геологиясы, геохимия мәселелеріне арналған. Жилинский тұңғыш рет касситерит монокристалдарын гидротермальдік синтездеу технологиясын жасады. Ленин сыйлығының лауреаты (1958). <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}