Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов - ҚР ҰҚК-нің төрағасы.
1955 жылы 7 қарашада РКФСР-дың Свердлов облысы Гарин ауданының Дулково ауылында туған.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1977); Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары Қызыл Тулы мектебін (1989) бітірген.
1977 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері. 1982 жылдан - қауіпсіздік органдарында - ҚР ҰҚК Департаментінде бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент бастығының орынбасары, ҚР ҰҚК төрағасының кеңесшісі. 2001 жылдан - ҚР ҰҚК Лаңкестікке қарсы күрес департаментінің бастығы. 2010 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
II дәрежелі «Айбын» (2004), II дережелі «Даңқ» (2008) ордендерімен; 8 медальмен марапатталған. ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.
Генерал-майор. Үйленген. Ұлы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}