Вирджил Айвен Гриссом

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:34, 2015 ж. ақпанның 4 кезіндегі Касымхан (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Apollo 1 Prime Crew - GPN-2000-001159-grissom.jpg
Вирджил Айвен Гриссом

Вирджил Айвен Гриссом(Үлгі:Lang-en) (3 сәуір 1926, Митчелл, Индиана27 қаңтар 1967, Флорида) – АҚШ-тың ұшқыш-космонавы, әскери әуе күштерінің полковнигі, 1944 жылдан әскери ұшқыш. 1950 жылы Индиана штатының Лафейетт қаласында Пердью университетінің механика мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1955 жылы Әскери әуе күштерінің технологиялық институтын, 1956 жылы Эдуардс авиация базасында сынаушы-ұшқыштар мектебін бітірді. 1961 жылы 21 маусымда «Меркурий» программасы бойынша суборбитальдық ұшуды жүзеге асырды. 1965 жылдың 23 наурызында Дж.Янгпен бірге «Джемини-3» ғарыш спутнигіммен ғарышқа ұшты. Ол ұшу кезінде АҚШ-та алғашқылардың бірі болып, ғарыш кемесін бір орбитадан екінші орбитаға ауыстыруды жүзеге асырды. Ол «Аполлон» ғарыш кемесін сынау кезінде Э.Уайт және Р.Чаффимен бірге шыққан өрттен қаза тапты. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер