Вильгельм атындағы Вестфаль университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:25, 2016 ж. наурыздың 14 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Университет Вильгельм атындағы Вестфаль университеті (нем. Westfälische Wilhelms-Universität, сокр. WWU) — Германияның ең ірі университеттерінің бірі. Мюнстер қаласында орналасқан. 1780 жылдың 16 сәуірінде негізі қаланған. Мюнстер университеті Германия кайзері Вильгельм II-нің есімімен аталады. Студенттерді оқыту 15 факультетте 130 түрлі мамандықтар бойынша  жүргізіледі.

Университеттің қанатының астында 4 мұражай жұмыс істейді: археологиялық, геологиялық-палеонтологиялық, минералогиялық және Киелі кітап мұражайы, сонымен қатар Ботаникалық бақ.

Тарихы

Университеттің ізашары 1588 жылы ашылған иезуиттік мектеп болған. Құрылған жылы университетте төрт факультет ашылған: заңгерлік, медициналық, философиялық және теологиялық. 1805 жылы университет "Вестфалияның Прусс университеті" атына ие болды.

1950-жылдардың соңында университетте Ульрика Майнхоф — болашақ көшбасшы әрі Батыс Германияның "Қызыл Армия Фракциясы" леворадикальдік ұйымының теорияшылы оқыған.

1999 жылдың шілде және қыркүйек айларында Мюнстер университеттің клиникасында аққандылықтан емдеу жүрген, артынша Р. М. Горбачева көз жұмған.

Оқытушылар

  • Адикес, Эрих (1866—1928) — философия.
  • Кремер, Иоганн Пауль (1883—1965) — анатомия.
  • Леонтович, Виктор Владимирович (1902—1959) — тарих.
  • Ратцингер, Йозеф (папа Бенедикт XVI; р. 1927) — профессор.
  • Хёрен, Томас (р. 1961) — ақпараттық және интернет-құқық