Василий Никифорович Яковенко
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Яковенко Василий Никифорович (25 қазан, 1930 жылы туған, Украина, Сумы облысы Рубановка селосы) – опера әншісі (лирикалы-драмалық тенор), Қазақ КСР-інің халық артисі (1976).
Өмірбаяны
- Харьков музыка училищесін (1950) бітірген.
- Мәскеу мемлекеттік консерваториясының вокалдық факультетін (1964; профессор А.С. Свешниковтың жетекшілігімен) бітірген.
- 1964 – 96 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамында соло-әнші болып, осы заманғы және классик-композиторлар операларында драмалық және лирикалық сипаттағы басты партияларды орындады. Олардың қатарында Василий Клочков (Ғ.Жұбанова, “Жиырма сегіз”), Ленька (Т.Н. Хренников, “Дауылда”), Ленский, Герман (П.И. Чайковский, “Евгений Онегин” мен “Қарғаның мәткесі”), Князь (А.С. Даргомыжский, “Су перісі”), Самозванец (М.П. Мусоргский, “Борис Годунов”), Хозе (Ж.Бизе, “Кармен”), Канио (Р.Леонкавалло, “Паяцы”), Каворадасси, Пинкертон (Дж. Пуччини, “Тоска”, “Чио-Чио-сан”), Эней (Г.Перселл, “Дидона мен Эней”), Радамес, Дон Карлос (Дж. Верди, “Аида”, “Дон Карлос”), т.б. опералық партиялар бар.
- 1978 – 96 жылдары қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясында (1985 жылдан доцент) және Қазақ ұлттық өнер академиясында педагог қызметпен де айналысты.
- Гастрольдік сапармен Қазақстанның опера өнерін насихаттау мақсатында шетелдерде (Венгрия, Германия, Ауғанстан, Франция, Англия, Швеция, Финляндия, т.б.) болып, өнер көрсетті.
Марапаттары
- Қазақ КСР-інің халық артисі (1976).
- Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972).
- Еңбек Қызыл Ту ордені
- Халықтар достығы ордені.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>