Вандализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Sylvestre Le Sac de Rome 1890.jpg
Вандалдардың Рим қаласын тонауы мен бүлдіруі

Вандализм ( лат. Vandalism) — мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі есептеледі.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Вандализм сөзі 445 жылы Рим қаласын басып алып, мәдениет туындыларын қиратқан және тонаған ежелгі герман тайпасы Вандалдардың (vandalі) атынан шыққан. Әрине, Вандалдар тарихтағы ең бұзғыншы халық болды деу қиын, одан неше есе өткен тарихи мұраларды қиратып-тонау оқиғалыры тарихта көп кездеседі. Бірақ, Британия ақыны Джон Драйден Вандалдар туралы: "Готтар, Вандалдар, солтүстіктің дөрекі жабайылары барлық бағалы мұраларды қиратып бітті" - деп жазып қалтырған екен. Бұл сөз бағалы тарихи мұраларды бұзып шағушыларды айыптауға мысал ретінде қолданылған.

Вандализм термині алғаш рет француз революциясы кезінде, 1794 жылы қаңтарда Анри Грегуар (Henri Grégoire)Blois жеріндегі Конституциялық епископқа (constitutional bishop) есеп бергенде Вандализм сөзін тұңғыш рет қолданып, республикашылдар армиясының қылмыстарын айыптаған.

Сурет:Grabvandalismus.jpg
Қабірлерді қирату

Вандализм әдетте “агрессия” (“саяси күш қолдану, әскери шабуыл жасау”) деген ұғыммен тығыз байланысты. Әлеум.-экономикалық тегі мен хал-ахуалына, діни нанымына орай белгілі бір топты қуғындап, геноцидке ұшыратуға, мекенінен көшіріп жіберуге қатысы бар мемл. және қоғамдық негіздегі құрылымдардың іс-әрекеттері, көбінесе, В-ге ұласып жатады. Оның себеп-ауаны әр қилы болады. Мәселен, Вандализм әрекеті формалды лидерлердің бұйрығымен, топтың, тобырдың қаскөйлігімен, саяси, ұлттық не діни әуейіліктен туындаған әлдеқандай мақсат-мұратты көздегендіктен, сондай-ақ, ашу-ыза ырқымен, өш алу пиғылымен жасалуы мүмкін.

Қазіргі кезде Вандализм сипатындағы қылмыстар көбейіп отырғаны байқалады. Осыған орай ҚР Қылмыстық кодексіне арнайы бап енгізіліп, қаскөйлік әрекет жасаушыларды жазалау шаралары көзделген.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>