Бөлепберген Кетебайұлы Оразбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:27, 2016 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі Бегулы Отагасы (Талқылауы) істеген түзету

Оразбаев Бөлепберген Кетебайұлы1935 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Бурылтөбе ауданының Қарашаған ауылында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

1951 жылы Шымкент қаласындағы Спатаев атындағы қазақ орта мектебін алтын медальмен бітіріп, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу Жоғары техникалық училищесіне (МЖТУ), (қазіргі Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетіне) түсті. 1963 жылы оқуын «Құю процестерінің машиналары және оларды автоматтандыру» кафедрасына аспирантураға түсті.

1968 жылы Оразбаев Б.К. жолдама бойынша В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде (ҚазҰТУ) «Машина жасау технологиясы» кафедрасында аға оқытушы, доцент, бірнеше кафедралардың меңгерушісі, арнайы құрылған «полиграфиялық өндіріс машиналары және технологиясы» кафедрасының меңгерушісі болып ұзақ жылдар үздіксіз еңбек етті. Қазіргі уақытта да осы университеттің профессоры.

1970 жылы Н.Э.Бауман атындағы МЖТУ-дың ғылыми кеңесінде диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алып шықты. 1973 жылы доцент ғылыми атағын берді. 1997 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ғылыми кеңесінің шешімімен профессор дәрежесі берілді.

Оразбаевтың басшылығымен және тікелей ат салысуымен «полиграфиялық өндіріс технологиясы», «полиграфиялық өндіріс машиналары және автоматтандырылған кешендер» мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік баршаға міндетті білім беру стандарттары, мамандықтардың типтік және оқу жоспарлары, пән бағдарламалары жасалды. Сонымен бірге Қазақстанда тұңғыш рет авторлар ұжымы орысша-қазақша, қазақша-орысша «Жалпы техника және полиграфия» терминологиялық сөздігін «Рауан» баспасында шығарды. Сөздік «Полиграфия», «Өлшеу техникасы», «Автоматика және телемеханика», «Кибернетика», «Космонавтика», «Приборостроение», «Противопожарная техника», «Фото-кинотехника» және «Ядерная техника» салаларын қамтыды.

Сонымен қатар полиграфиялық мамандықтарға арналған «Конструкциялық материалдар технологиясы» оқулығын, «Машина бөлшектерін жобалауда дербес электрондық машиналарын қолдану», «Табақты офсеттік басу машиналарының конструкциялық атласы» оқу құралын, «полиграфиялық мекемелердің жобасын жасау», «Полиграфия жабдықтарын орнату, техникалық күту және жөндеу», «Конструкциялық материалдар және материалтану», «полиграфиялық машиналардың бөлшектерін дайындау және жобалау», «Разработка чертежа заготовки деталей полиграфических машин» и технологического процесса получения отливок в песчаных формах», «Гидравлика», «Гидравлика, гидромашиналар және гидрожетектер» т.б. курстық, дипломдық жұмыстарға, зертханалық-практикалық жұмыстарға арналған оқу-әдістемелік көрсеткіштерін шығарды.

Профессор Оразбаевтың басшылығымен кафедрада арнайы «полиграфиялық материалдар», «Басуға дейінгі жабдықтар мен процестер», «Басу процестері мен жабдықтар», «Басудан кейінгі жабдықтар мен процестер» және «жалпы инженерлік пәндерге» арналған, жаңа техникамен жабдықталған зертханалар ашылды.

Оразбаев Б.К. Қазақ Ұлттық техникалық университетінің және Металлургия және полиграфия институтының, «Машина жасау» оқу-әдістемелік бірлестігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми кеңестерінің мүшесі, Ресей Федерациясы Білім министрлігінің баспа ісі және кітаптану оқу-әдістемелік бірлестігінің полиграфия саласы бойынша ассоциациялық мүшесі.

2004 жылы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы Оразбаевты өзіне толық мүше (академик) етіп алды.

Оразбаев Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің, Қазақ ССР жоғары және орта білім беру министрлігінің, Қазақстан машина жасау өнеркәсібінің Республикалық ғылыми-техникалық қоғамының құрмет грамоталарымен, КСРО «Еңбек Ері", Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Айрықша еңбегі үшін» медальдарымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім саласындағы еткен еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің III дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}