Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бұғылы-1"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Troyan Fireplace.jpg
Археологиялық зерттеулер

Бұғылы-1қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың қоныс орны. Қарағанды облысы Шет ауданы. Ақсу-Аюлы кентінен солтүстікке қарай 35 км жерде, Шопа өзенінің оң жақ жағалауында. Бұғылы-2 қонысы мен қола, сақ, т.б. тарихи дәуірлердің ескерткіштерінің жиынтығы ретінде “Бұғылы ықшам ауданын” құрайды. 1955 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә. Марғұлан) зерттеген. Бұғылы-1 б. з. б. 9 — 8 ғасырларға, яғни қола дәуірінің соңын ала сақ дәуіріне жалғасатын “өтпелі кезеңге” жатады. Ол көшпелілік жүйеге ауыса бастаған көне Қазақстан тұрғындарының алғашқы қыстау мекендері жөнінде хабар береді. 1998 жылдан бастап жүргізілген “Сарыарқа” археологиялық экспедициясының (А. Бейсенов, В.Г. Ломан) кешенді зерттеу жұмыстарының барысында Бұғылы-1 Қазақстанның қола дәуірі қоныстарының ең ірілерінің бірі екендігі анықталды. Оның аумағында 100-ге тарта құрылыстар, көбінесе, тұрғын үйлер орналасқан. Қоныс екі бөліктен тұрады. Неғұрлым ертерек кезеңге жататын оңтүстік топтың үйлері сиректеу орналасқан, пішіні жағынан дөңгелектеу, бір бөлмелі болып келеді. Кешірек салынған солтүстік топтың үйлері шоғырланған, көп бөлмелі болып келеді. Солтүстік топтағы үйлердің аум. 109,5 м шамалас. Қабырғалар ұзынша тас плиталардан (5 қабатқа дейін) қаланған. Үйге кіретін есік оңт.-батыс бұрыштан шығарылған. Жылу ошағы жалпағынан қойылған тастардан дөңгелектеу пішінде жасалып, үйдің сәл тереңдетілген орта тұсына орнатылған. Ошақ айналасы мен іргелерінде шаруашылық ұралары және көптеген тіреу бағаналары, үйдің сыртын ала солтүстік және шығыс қабырғаларын бойлай жапсарлас салынған екі жіңішке, ұзынша келген дәліз тәріздес қосымша құрылыстар болған. Үй іргелерінің көп тереңдетілмей салынуы тұрақты мекенді емес, уақытша қоныстық сипатты меңзейді. Табылған өндірістік қалдықтар (шлактар) тұрғындардың темірді пайдалана бастағанын көрсетеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Пайдаланылған әдебиет

<references/>

Сілтемелер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}