Бүркітшінің жабдықтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

06:34, 2014 ж. маусымның 14 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:48803393 000004623.jpg
Бүркітшінің жабдықтары

Биялай

Бүркітші оң қолына киетін бас бармағы қабы бөлек, қалған төрт саусағы біртүтас түйықталған (кейде 3 саусақты), жеңі шынтаққа жетіп жығалатындай қолғап тұрі. Басынан жең ұшына дейін 50 см, ені үлкен қолғап тәрізді, ал білегі қыстық киімді жеңімен бірге сүға салғанда қол сыярлықтай кең болады. Оны суға төзімді, әрі қалың келетін түйе, өгіздің, бұғы, тауешкінің мойын, жонның шала иленген терісінен өң бетін сыртына, жүнін ішіне қаратып қос тарамыстап тігеді. Ішін бір қабат киізбен астарлайды. Биялайдың жеңіне бұлдіргелі ілгек қайыс байлайды. Оның биялайды ілгенде немесе қатырды байлауға қажеті бар. Биялай құсты қолға қондырып алып жүруге және асау құсты қолға баулып үйретіп жуасытқанда оның қарулы тегеуірінінен, өткір тұяғынан қорғайды. Әрі құс қолды мықтап қысып, орнықты отыруына қолайлылық туғызады. Керісінше, ұсақ құстарға арналған биялайды үш саусақты етіп жұмсақ иленген қой терісінен тігеді.

Балдақ

Құсты ат үстінде алып жүргенде қолы талып шаршамас үшін тіреу ететін айыр басты ағаш таяныш құралы. Оған ұзындығы 2-3 қарыс (45-55 см), жуандығы бір түтам ағаш таңдалып алынады. Басындағы 10-12 см келген ашасының арасын 4-5 елідей жалпақ қайыспен қабаттап «түсаулап», жұмсақ төсеніш (оны кейде кепіл деп те атайды) салады. Таутекенің мүйізін түзетіп, бұтақтары шабылып тасталған салаларынан қалған томпақ бүдірлерін құймамен әшекейлеп жасаған мүйіз балдақтар да болады. Ағаштан жасалған балдақты оймыштап (резьба), бұрмалап, ширатып әр тұрлі өрнек салып сәндейді. Балдақтың төменгі басына орнықты болу үшін ағаштың тошынынан домалақтап тобыршық орнатады, ал онан сәл жоғарыда тесіп байланған қайыс булдірге бау өткізеді. бұлдірге ердің қамшылар жақ қапталындағы шеттікке (қол қанжығаға) бекітілед і. Ал балдақтың орта түсынан тесіп өткізі л ген орта бау ердің алдыңғы қасының бетіне арнайы орнатқан шығырыққа байланады. бұл баулар саят барысында балдақтың шектен тыс қимылдап "толқымауын", әрі асығыс кезеңде түсіп қалмауын қамтамасыз етеді. Құсбегі атқа мінгенде оң қолына биялайын киіп, бүркіттің шолақ бауынан ұстай қондырып, қолын балдақтың ашасына қойып, балдақтың төменгі басын ердің оқпанына тіреп алады. Ал сол қолмен аттың тізгінін ұстап, әрі томаға тартуды атқарады. Жайшылықта балдақ үйдегі бүркіттің түсына кереге басына ілінеді.

Қатыр

Аушы құстың ілген аңын жанын қинамай тез өлтіруге, әрі құстың тырнағын жарақаттанудан сақтау үшін қолданатын қарапайым біз тәрізді құрал. Қарақұйрық, жирен, ақбөкеннің сынық сүйемдей мүйізін үшкілдеп қайрап, екінші ұшына бұлдірге қайыс байлап дайындайды. Саятқа шыққанда көбіне биялайға байлап қояды немесе ердің қасына іле салады. Бүркіт аңды бүріп жатқан кезде іле-шала артынан жеткен құсбегі ілінген аңның құлақ тесігіне қатырды бойлата тығып, құлақты «қатыр» еткізетіндіктен солай аталған деседі.

Жемқалта

Түзге алып шыққан құсқа арналған жем (ет) салып жүретін жабдығы. Ішін матамен астарлап, сыртын таза, қалың киізден қусырып, бауы бар, көлемі 20x25 см келген ықшам, әрі жылы дорбаша. Оның бір жақ ішкі қырында түтік салуға арналған бөлімі болады. Сәндік үшін оюлап, кестелеген, зерлеген нүсқалары да болған. Оған құсты шақырып шырғалап беретін жемдер салынады. Киіз қалтадағы жем суықта тоңазымай жібу қалпында таза сақталуы шарт. Әйтпесе жеген құсты ауруға шалдықтырады. Сондықтан құсбегілер аязды күндері жем қалтаны ердің көпшігіне, тақымының астына қыстырып жылы сақтауға тырысады. Ортасынан тағылған баумен саяттағы құсбегі белбеуіне, дәлірек айтсақ сол, жақ мықыны түсына салбырата байлайды. Оған түлкі, қояндардың сирақ, сан-қолдары, малдың ұзын тарамысты бұлшық еттері сияқты сәл кептірілген құнарлы жем салатындықтан оны кейде «кұнаралта» деп те атайды. құсты ұстауға қызмет ететін пішіні мен көлемі киіз үй шаңырағындай, талдан тоқылған шарбақ жабаны құмды, жазықты өңірдің құсбегілері жиі қолданады деп жоғарыда айттық. Жабаға ұқсас құс ұстайтын щскрда деген құрал тағы бар. Оның пішіні мен көлемі үлкен бөшкеге ұқсас. Оның төменгі, жоғарғы және ортасынан жолақ етіліп иіліндіріліп шыбықтоқиды. Негізі даяр болған соңжиектерін бекітіп, бетіне дөңгелек аума қақпақ тоқылады. бұл негіздің абасына ілікпей, ішке түсіп кетерліктей шеңбер құрауы тиіс. Аума қақпақтың тең ортасын ала арасынан білікше таяқ өткізіледі. Білікше таяқ арқылы аума қақпақ негіз бетінде еркін айналатындай етіліп бекіттіріледі. Аума қақпақтың екі жағынан да шәңкіш байланады. Бүтақты бақан орнатылып құсқоданы соған тіреп бекітеді. Шәңкішті көрген құс бүтақты бақанға қонады. Аздан соң шәңкішке түседі. Аума қақпақ айналып құс ішіне құлап кетеді. Қоданың ішіндегі құсты көріп, басқа құстар да келе бастайды. Олар да солай түсе береді. бұл аушы құсқа арналмаған жабдық болғанымен, оны кейде амалы құрыған кезде қолданады. бұл құралдың заты да, аты да крда деп аталатын балық аулайтын, шыбықтан тоқылған шарбаққа ұқсас келеді. Аңшылар саятта жүргенде қолға түскен қоян, үйрек, қырғауыл т. б. олжаларын беліне қыстырып алуына қолайлы құрал. Оны қайыстан бір түтам етіп өріп, таспалардың ұшына теміртектен шығыршық тағып жасайды. Өрімнің бас жағына да шығыршық тағылып, оған ілгек бекітіледі де, онымен кісе белдіктің шығыршығына тағылады. Таспаның ұшындағы шығыршықтардан таспаның өзін өткізіп, тұзақтап алып, кішкене аң олжасын сирағынан қыстырып, алып жүреді немесе қанжығаға байлай салады. <ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}