Бүркіттің қанат, құйрық, қауырсын сыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүркіттің қанат, құйрық, қауырсын сыны - қайқықанат, солқылдақ қанат, қарақанат, жеңіл қағысты қанат, абдыра қанат, дөңгелек қанат, қияққанат, құрт қанат, кездейқұйрық, ақ құйрық, келте құйрық, шолақ құйрық, тарлан құйрық, ұзын құйрық, күрекқұйрық, ағаш құйрық, майысқақ құйрық, қамыс құйрық, сүңқар құлаш, ірі қауырсын, доғал қауырсын. Қанат қағысына қарай бүркітті сынайды: ол қатты сіл- кінген кезде таудан тас құлағандай күлдірлесе, немесе жауған бүршақтай сатырласа, қанатының аса қайратты, бүркіттің өте қауқарлы екендігінің белгісі. Бүркіттің басымен тұмсығының бақабас, жыланбас, кешкілбас, торсық шеке, тобыршық шеке, терең қабақ, айқабақ, иір жақ, жыланезу, қайырылған езу, қоңқы тұмсық, көктұмсық, қылыштұмсық, иіртұмсық, шығырықтұмсық, қысқа тұмсық сипаты мен бітімін ажыратады. Тұмсық мүйізі жұқалтаң, екі бүйірі қысыңқылау үсті жазаңдау, орағы сүйірлеу, мелжемділеу тұмсық деп атайды. Ондай құстарды «қылыш тұмсық қырып сал» деп мақтайды. Шынымен көп күй талғамайтын, алғыр келеді. Үсті дөңес, иірі молдау, қошқар тұмсықты келген орай тұмсықтылар бап талғағыш болады. Ұзын сүйірлеу тұмсықты, үсті түсіңкілеу болса, кешкіл тұмсық дейді. Ондайлар кезеген, шүйілгіш келеді.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}