Бүкіләлемдік кезекшілік институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүкіләлемдік кезекшілік институты - [WorldWatch Institute, АҚШ] - жалпы әлемнің жағдайын зерттеумен айналысатын зерттеу орталығы. 1974 жылы Лестер Браун негізін қалаған. Негізгі мақсаты - саясаткерлер мен қоғамды ғаламдық мәселелер мен үрдістер жайлы ақпаратпен қүлақтандыру. Коммерциялық емес үйым. 1984 ж. бастап институт жыл сайын "Әлемнің жағдайы жайлы" ("State of the World") 34 тілде баяндама жасайды; екі ай сайын "World Watch Magazine" журналын, арнайы ақпараттық шығарылымдар, монографиялар шығарады. 40-қа жуық елдегі 150-ден аса әріптестік үйымдармен түрақты байланыстар орнатылған. "Әлемнің жағдайы жайлы" баяндамалар өзіндік батыл тұжырымдармен ерекшеленеді: бүл ғаламдық деңгейдегі энергетикалық, экологиялық, азық-түліктік, демографиялық мәселелердің даму үрдісін өзара әрекетті кешенді пәнаралық талдауға негізделген планета жағдайына қойылған "диагноз". Институт өзінің зерттеулер мен жариялымдарының арқасында экологиялық түрақты және әлеуметтік әділетті қоғам қүруға талпынады. Басқарушы орган - президент жетекшілік ететін директорлар Кеңесі. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүкіләлемдік кезекшілік институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}