Бірмүше

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:33, 2017 ж. сәуірдің 4 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Бірмүшеалгебрада қарастырылатын қарапайым түрдегі алгебралық өрнек; көпмүшенің дербес жағдайы. Сандар, айнымалылар, айнымалылар дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталған. Сандар, айнымалылар және дәрежелері де бірмүше делінеді. Бірінші орында коэффициент деп аталатын сан (тұрақты шама) көбейтінді жазылған, ал бірдей айнымалылардың әрбір көбейтіндісі бұлардың дәрежелерімен өрнектелген көбейтінді бірмүшенің стандарт түрі деп аталған. <math>~+1</math> коэффициенті, әдетте, жазылмайды. Бірмүшенің мысалы, <math>~-5ax^3, a^3c^3xy, -7, x^3; -a.</math><ref>"Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009</ref>

Бірмүшелерді көбейткенде, олардың коэффициенттері көбейтілді. Бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштері қосылады, ал бір көбейткіш құрамына ғана енетін айнымалылар сол қалпында қалтырылады, сөйтіп шыққан нәтежиелер бір-біріне көбейтіледі. Бірмүшені дәрежеге шығару үшін әрбір көбейткішті осы дәрежеге шығарып, нәтежиелерді көбейтсе, жеткілікті.

Мысалдар

m - бірмүше, себебі әріп бір мүше болып саналады; -12 - бірмүше, себебі сан бірмүше болып саналады. a7·b4 - бірмүше, себебі a7 және b4 бірмүше болып саналады, ал олардың көбейтіндісі де бірмүше; -2a7b4·6b - бірмүше, себебі бірнеше бірмүшелелердің көбейтіндісі де бірмүше болып саналады; -2a7b4-6b - бір мүше емес, себебі бірмүшелердің көбейтіндісі емес, бірмүшелердің айырымы.<ref>Оқушы анықтамасы: 5-11 сыныптар. 2-кітап - Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2008 ж. - 536 бет. ISBN 9965-861-72-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Math-stub