Бірлестік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірлестік

  • экономикада<ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref> — кәсіпорындардың қызметтерін үйлестіру, құқыларын қорғауды қамтамасыз ету, жалпы мүдделерін тиісті мемлекеттік және басқа да органдарға немесе халықаралық ұйымдарға жеткізу мақсатымен салалық, аймақтық не басқа негізде біріктірілген жүйесі. Ол бірнеше бірыңғай құрылым мен бөлімшеден тұрады, мұнда барлық күш-қуат және қаржы бір жерге шоғырландырылады да тиімді әдіспен басқарылады. Бірлестікке кірген кәсіпорындар өз дербестігін, заңды құқығын сақтайды. Олар банкіде ашылған есебі, арнайы мөрі, атауы және дербес баланстары бар заңды тұлға ретінде шаруашылығын жүргізеді. Бірлестік өнеркәсіп бірлестігі, өндірістік бірлестік, халықаралық бірлестік және ғылыми-өндірістік бірлестік, тағы басқа болып бөлінеді. Бірлестік құрамындағы кәсіпорындардың келісімі бойынша таратылады, ал мүліктері жарғы талаптарына сәйкес бөлінеді.
  • Бірлестік <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл</ref> — бірнеше кұрама немесе құрамы аз бірлестіктер, сондай-ак, бөлімдер мен мекемелер енетін әскери кұрылым. Құрамы мен орындайтын міндетіне қарай стратегиялық (бір әскери қимылдар театрында бірнеше бірлестік), оперативтік-стратегиялық (майдан, армиялар тәбы, флот), оперативтік (армия, флотилия, эскадра, т.б.) немесе оперативтік-тактикалық (корпус) болуы мүмкін. Сонымен қатар, аумақтық жалпы әскери бірлестік бар.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Әскери іс {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}