Ботақара

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ботақара — көне зират. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Нұра өзенінің солтүстік жағасында. Ескерткішті 1950 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшілері Ә.Марғұлан, Ә. Оразбаев, М.Қадырбаев) зерттеген. Құрамында қола дәуірінің 49, ерте темір дәуірінің 9 ескерткіші бар. Қола дәуірінің обалары жалпақ тастармен бір, кейде екі қатар айналдыра қоршалса, ерте темір кезеңінің ескерткіштері тас пен топырақтан оба түрінде үйілген. 7 қоршау мен 4 оба қазылды. Алынған қыш құмыралар, қола бұйымдардың сынықтары, қойдың, жылқының сүйектері зираттардың Андрон мәдениетінің Нұра кезеңіне және Тасмола мәдениетіне жататынын дәлелдейді. Ботақараның үшінші қоршауы өзара концентрлі, биіктігі 0,3 м, диаметрі 7,5 — 3,5 м, қос шеңбер түрінде. Ішкі шеңбердің ортасынан ішін айналдыра тастармен шегендеген, сопақша жәшік қабір ашылды. Тереңдігі мен ені 1 м шамасында, ұзындығы 1,9 м. Қабір ішінен адам сүйегімен қатар шақпақ тастан жасалған үккіш табылды. Қабірлер ертеректе тоналып, біраз бүлінген. Ал ерте темір дәуіріне жататын үлкен тас жәшік-қабірдің ені мен биіктігі 0,5 — 0,8 м. ұзындығы 3,4 метрдей. Бір зираттың өзінде екі түрлі дәуірге жататын мұндай тас жәшік-қабірлердің кездесуі Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалардың өзара мәдени сабақтастығын көрсететін айғақ.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ботақара|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}